31
Қазан

Санат жоқ 31.10.2016

«Самұрық-Қазынадан» тұрғын үйді жалға алушылар салықты жеке тұлғалар ретінде төлейтін болады – «Ақ жол» ҚДП депутаттық сауалының нәтижелері

 «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі, 2016 джылдың 31қазаны
 
Самұрық-Қазынадан» тұрғын үйді  жалға алушылар салықты жеке тұлғалар ретінде төлейтін болады – бұл туралы Tengrinews.kz (https://tengrinews.kz/buildings/arendatoryi-jilya-samruk-kazyina-budut-platit-nalog-fizlitsa-305175/) жаңалықтарынан белгілі болды. 
 
Экономика Министрлігі «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік Қоры» АҚ-ның жалдамалы тұрғын үйде тұратын азаматтар үшін жеке тұлғалардың белгіленген мөлшерлемелері бойынша салық төлеу үшін қажетті нормаларды енгізді,- делінген  хабарламада.  Ақпаратқа сәйкес, «бұл туралы өзінің Facebook-тағы парағында ведомство басшысы Қуандық Бишімбаев хабарлады». 
Естеріңізге сала кетейік, бұл мәселеге байланысты «Ак жол» фракциясы 13 сәуірдегі пленарлық отырыста  Премьер-Министр Мәсімовтың атына Екатерина Никитинская  депутаттық сауал жолдаған болатын. 
 ««Ақ жол» ҚДП Депутаттық фракциясына «Жылжымайтын мүлік Қоры «Самұрық-Қазына» АҚ арқылы тұрғын үй алған азаматтардан шағымдар келіп түсіп жатыр және  мүлікке салық ретінде заңды тұлғалар үшін есептелетін,  амалсыздан жыл сайын ондаған есе артық  төлеуге мәжбүр! – делінген сауалда. - Бұл, 2020 өңірлерді дамытудың Бағдарламасы шеңберінде (2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 793 ҚР ұлттық экономика Министрлігінің бұйрығымен бекітілген) жеке тұлғалар бойынша есептелетін салықтар мөлшерлемесіне заңды тұлға тізбесіне, «Самұрық-Қазына»жылжымайтын мүлік Қоры енгізілбеген. Сонымен қатар, осы Бағдарлама бойынша Қазақстандық Ипотекалық Компания тұрғын үйді жалдаушылар салықты жеңілдетілген мөлшерлемемен төлейді».
 «Самұрық-Қазына» ЖМҚ-ның  жалға алушылары (халықтың әлеуметтік осал топтары  санатына жататын) барлық сатыдағы және мемлекеттік органдарға жүгінген. Алайда, барлық ұйымдастықтар осы мәселені реттеуде  қажеттігін мойындағанына қарамастан - ол шешілмеген. Сонда мәселе ҚДП депутаттарымен айтылғаны – фракция қолжетімді баспанаға  жеңілдетілген салықтар тәртібімен есептелетін «Самұрық-Қазына»  ЖМҚ-ын заңды тұлғалардың тізбесіне енгізу туралы талабын білдірді.
 Бүгін БАҚ-нан «акжолдықтармен» көтерілген проблемалар бойынша оң шешім туралы белгілі болды.
ҰЭМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып БАҚ-ның  хабарламасында көрсетілгендей, бұл «2016 жылғы қараша-желтоқсанда тиісті бұйрықтың қабылдануы және бекітілуі күтілуде. Қазір қол қою үшін ілеспе құжаттар дайындалуда. Бұйрық 2017 жылдан бастап күшіне енеді. Нәтижесінде, жалдамалы тұрғын үйде тұратын азаматтардың төлейтін салық көлемі айтарлықтай төмендейді.
 Мысалы, Салық кодексінің 398-бабының 1-тармағына сәйкес заңды тұлғалар («ЖМҚ» АҚ) салық базасының 1,5 пайыз ставкасы бойынша мүлік салығын есептейді. Тұрғын үй алаңы 65 шаршы метр, ал баланстық құны 11 700 000 теңгеге сәйкес есеп айырысу бойынша, мүлік салығы 1,5 пайызды ставкасы бойынша шамамен 175 мың теңгені құрайды. Кейін, бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін параметрлерімен ұқсас тұрғын үй мүлік салығы бойынша 11 600 теңге құрайды».
 
«Ақ жол» ҚДП парламенттік фракциясы сайлауалды бағдарламасын іске асыру мен сайлаушыларының заңды құқықтарын қорғау жөніндегі жұмысын жалғастыруда.