01
Қараша

Санат жоқ 01.11.2016

Паралимпиадаға қатысушыларының спорттық еңбегін және Олимпиада ойындарының жеңімпаздарын бірдей бағалау туралы «Ақ жол» партиясының бастамасын Республикалық бюджет комиссиясы қолдады

 «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі, 2016 жылдың 31қазаны
Паралимпиада жеңімпаздарының спорттық еңбегін және Олимпиада ойындарының жеңімпаздарын тең бағалау туралы «Ақ жолдың» бастамасы Республикалық бюджет комиссиясымен қолданды – ҚДП фракциясының тиісті депутаттық сауалына жауап алынды.

Ағымдағы жылдың 21-ші қыркүйегіндеМәжілістің пленарлық отырысында «Ақ жол»фракциясы өз азаматтарының спорттық еңбегін мемлекетпен  тең бағалау қажеттілігі туралы мәселесін қайтадан көтерді  (2014 жылғы 2 сәуірдегі бірінші депсауалға үкімет жауап беруден бас тартқан, бірақ онда Қазақстанда паралимпиадажеңімпаздары болмаған).
 «Бүгін мұндай чемпиондар мен жүлдегерлер пайда болғаннан кейін, «ақжолдықтар» өз азаматтарының,  соның ішінде мүмкіндігі шектеулі спортшылардың спорттық еңбегін мемлекетпен  тең бағалау  қажеттілігі туралы мәселесін қайтадан көтеру  қажетті және  маңызды деп санайды.
 Паралимпиадаға қатысушылардың спорттық ерлігінің девальвациясын тоқтату керек – деп мәлімдеді Азат Перуашев фракциясының депсауалың жариялай отырып. - Осыдан бір-екі күн бұрын Рио-де-Жанейро қаласында XV жазғы Паралимпиада ойындары аяқталды. Бұл ойындарда алғаш рет қазақстандық мүмкіндігі шектеулі спортшылар паралимпиада медаліне қол жеткізді.



Бүкіл әлемде мүмкіндіктері шектеулі адамдардың спорттық нәтижелері кәдімгі спортшының жетістіктеріне қарағанда әлдеқайда жоғары бағаланады. Өйткені, жеңіске жету жолында оларға қарсыластарын ғана жеңу емес, ең алдымен - өз ауруды жеңу қажет».
Естеріңізге сала кетейік, паралимпияда чемпиондарына елімізде ресми түрде белгіленген сыйлығы Олимпиада ойындарының жеңімпаздарына қарағанда 5 есе кем.
 «Мүгедектер қатарындағы Біздің спортшылар, керемет ерлік көрсетіп,  қарсыластарын және өз әлсіздігін еңсеріп, Қазақстанның туын ең жоғары дәрежедегі халықаралық жарыстарда көтеріп, - тікелей мағынада өз отанында бағаланбағаны, ал олардың еңбегі мен спорттық ерлігі – құнсызданғаны, - деді осыған байланысты Азат Перуашев. - Паралимпиада ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне көтермелеу дәрежесін Олимпиадалық ойындары үшін марапатталған сыйлықтармен салыстыруға келмейді, сондай-ақ ҚР Конституциясына сәйкес өзінің әлеуметтік жағдайына немесе кез келген өзге де негіздер бойынша барлық азаматтар тең және ешкім де қандай да бір кемсітушілікке ұшырауы мүмкін емес дегенге қарама-қайшы, ол – факт.  
Гуманистік принциптері және жалпы адамдық құндылықтар экономикалық қиыншылықтар мен қиындықтардан маңызды».
«2016 жылғы 22 қыркүйектегі № 22 Республикалық бюджеттік комиссияның шешімімен қолдау чемпиондардың ақшалай көтермелеу мөлшерін ұлғайту және Паралимпиада жеңімпаздары мен олардың жаттықтырушыларын Олимпиадалық ойындары қатысушыларының ақшалай көтермелеу жүлдесі деңгейіне дейін жеткізу», - делінген Премьер-Министр Б. Сағынтаевтың қолы қойылған ресми жауапта.
         Сондай-ақ, хатта хабарланғандай, ҚР Үкіметі қаулысының тиісті жобасы мүдделі мемлекеттік органдармен келісу сатысында, және заңнамада белгіленген тәртіппен қабылданатын болады.
 
«Ақ жол» ҚДП және оның парламенттік фракциясы сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жұмысын жалғастыруда.