Алар асу аласармайды
«Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі, 2016 жылдың 7 қарашасы
Көкшетау қаласындағы «Қоғамдық келісім» сарайында «Қазақстан – 2050» Ақмола облысының демократиялық күштер коалициясының кезекті отырысы болып өтті. Онда алдағы тәуелсіздіктің мерейлі мерекесі қарсаңында еліміздің азат жолмен жүріп өткен кезеңіндегі елеулі жетістіктер кеңінен сөз болды.
Отырыста «Ақ жол» ҚДП Ақмола облыстық филиалының төрағасы Серік Бейсембаев ел тәуелсіздігінің қол жеткен жетістігі аз еместігін және алар асу да асқақ екендігін ерекше атап көрсетті. Бұл ретте жастарға біздің қоғамның қозғаушы күші ретінде ғана емес, болашағы тұрғысында да көп сеніп артылатынын әңгіме етті. Ақмолалық 'ақжолдықтардың' жастар қанаты іспеттес – жергілікті воркаутшы спортшылар қатары күн санап өсіп келе жатқанын, олардың саны бүгінде төрт жүзден асқанын тілге тиек етті.
Сонымен бірге, облыстық әйел саясаткерлер клубының төрайымы, облыстық мәслихаттың депутаты Елена Мащинская, Көкшетау қалалық мәслихатының депутаты Жұмабай Әміржанов, «Нұр Отан» партиясының Бурабай аудандық филиалы төрғасының бірінші орынбасары Қайныш Өміртаева және әзербайжан ұлтының өкілі, студент Ислам Байрамов өздерінің тілексөздерін айтты.
Басқосу соңында өңірдің саяси партияларына, қоғамдық бірлестіктеріне, этностық орталықтарына және жастар бірлестіктеріне арнаған ұсыныстары негізінде өз шешімін қабылдады.
Бақыт Смағұл