«Eurasian Book Fair – 2016» Евразиялық халықаралық кітап көрмесінің аясында А. Перуашевтің «Пікірталасты экономика» атты жинағының тұсаукесері болып өтті
«Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі, 2016 жылдың 10 қарашасы
«Eurasian Book Fair – 2016» Евразиялық халықаралық кітап көрмесінің аясында А. Перуашевтің «Пікірталасты экономика» атты жинағының тұсаукесері болып өтті.
Аталған жинақ ағымдағы жылдың көктемінде жарыққа шықты. Ол «Ақ жол» партия төрағасы А. Перуашевтің 2011-2015 ж. ж аралығындағы авторлық сөйлеу мәтіндерін және құжаттарды қамтиды.
Жинақта негізінен нарықтық реформа және жеке бизнесті қорғау басты назарға алынған. Сонымен қатар, мұның бәрі Тәуелсіздік пен ұлттық мүдделерді демократиялық институттар арқылы нығайту мәселелеріне бағытталған.
Бұл таныстырылым көрмеге келген студенттерден бастап орта жастағы адамдар үшін де тартымды болды.
«Жинақта мен басқаратын партияның бағдарламасының бағыттарының әрқайсысы бойынша жасалып жатқан, кейбірі шешілген, кейбірі неғұрлым ұзақ уақытты талап ететінін жұмыстарды байқауға болады. Біз жұмысымызды жалғастырудамыз», - деп атап өтті Перуашев. Таныстырылым барысында ол сұрақтарға жауап беріп, даналары кездесудің белсенді қатысушыларына жинақтарын сыйлады.
«Eurasian Book Fair – 2016» Евразиялық халықаралық кітап көрмесі – Қазақстан Республикасының еуразия кеңістігіндегі ең ірі мәдени-ағарту іс-шара 25-жылдығының қарсаңында ұйымдастырып отыр.«Eurasian Book Fair – 2016» «Көрме» орталығында өтті және өз алаңында баспаларды, ғылыми-білім беру және ТМД елдерінің полиграфиялық компанияларын, Еуропа және Азияныңкітап шығарушылардыңжетістіктерін көрсету мақсатында, іскерлік байланыстарды нығайтуға, оқырман сұранысы бойынша оқуды дәріптеу және өзара ақпарат алмасу үшін біріктірді.