21
Қараша

Алаш партиясының 100 жылдығы республикалық деңгейде аталып өтпек

 2016 жылдың 21 қарашасы, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі

Келесі жылы - Алаш ұлттық автономиясының , Алаш партиясының және Алаш Орда үкіметінің құрылғанына 100 жыл толады. Бұл - Ұлттық  демократиялық қозғалыс тарихындағы елеулі кезең.Осыған орай биылғы жылдың қазан айында «Ақ жол» ҚДП парламенттік фракциясының депутаттық сауалын А.Перуашев Премьер-Министр Б.Сағынтаевтың атына жолдаған еді. Сауалда: «қазақ халқының бостандығы үшін аянбай еңбек еткен Алаш қайраткерлерін лайықты ұлықтауға арналған танымдық іс-шаралар белгілеп, іске асыру» ұсынылғанған болатын.



Үкімет басшысы осынау маңызды мәселеге байланысты депутаттарға жауап берді. Онда Алаш арыстарын есте қалдыру мақсатында бірқатар шаралардың жүзеге асырылып жатқанын айта келіп, «2017 жылы орталық және жергілікті атқарушы органдар жалпыхалықтық тарихи мәні бар аталған оқиғаның 100 жылдығы аясында республикалық деңгейде бірқатар мерейтойлық іс-шаралар өткізуді жоспарлап отыр. Мәдениет және спорт министрлігіне  мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, 2017 жылы Алаш партиясының  құрылуының 100 толуы аясында іс-шаралар кешенін өткізу бойынша шаралар қабылдау тапсырылды» делінген.



«Ақ жол» ҚДП Парламенттік фракциясы сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру және қатардағы қазақстандықтардың мүдделерін қорғау бойынша жұмысын жалғастыруда.



Дерекнама - qazaquni.kz
                      bnews.kz
                      baq.kz                       

                       ult.kz