07
Желтоқсан

Санат жоқ 07.12.2016

«Ақ жол» фракциясының суды шығаруға қатысты салық мөлшерлемесін төмендету туралы ұсынысы салық кодексіне енгізілді

2016 жылдың 5 желтоқсаны, «Ақ жол» ҚДП-ның баспасөз қызметі

Жуырда Премьер-Министр Сағынтаевтың хатынан  белгілі болғандай «Ақ жол» фракцияның суды шығаруға қатысты  салық мөлшерлемесін төмендету туралы   ұсынысы салық кодексіне енгізіліп, Үкіметпен  қолданды.

Еске сала кетсек, қазан айында  фракция депутаттарымен ыстық бұлақ пен газдалған суды қолданатын шипажай - сауықтыру туризмін қолдау туралы сұрау жолдаған болатын.

1 қаңтардан  бастап Салық кодексіне сәйкес кәсіпкерлер 1 кубометр суға 2121 тенге төлеуге мәжбүр.

«Ақ жол» партиясының ойынша бұл ішкі туризмнің қысқаруына және де қазақстандықтардың шетелдік  демалысты  таңдауына әкеліп соғатыны белгілі. Себебі 2016 жылдың 1 тоқсанында кәсіпкерлердің әр қайсысына төлемге  орташа есеппен 20 миллион тенге есептелінген. Бірақта, ішкі туризмдегі кәсіпкерлер жыл бойына ондай табыс таппайды, бұндай сома төлеу оларға мүлде қиын.

Осыған байланысты отандық кәсіпкерлерге қатысты нақты жағдайдалар жергілікті туризм индустриясына теріс ықпалын тигізетіні туралы сауалда айтылған. Сонымен қатар, бұл жұмыс орнының қысқаруына және де бюджетке салық аз түсуі  салдарынан, бұрын сәтті жұмыс жасап тұрған жергілікті туризм объектілерінің жабылуына әкеліп соғады».

«Ақжолдықтардың» ойынша бизнеске ауыл шаруашылық шикізатын өндіру, қайта өндеу және тұрмыстық - шаруашылық қажетілікке қолданылатын суға деген пайдалы қазбалар өндіру салығының  мөлшерлемесі  тиімді. Осыған байланысты,  фракция депутаттары көрсетілген мөлшерлеменің таралу мүмкіндігін ауыл шаруашылық және ауыл шаруашылықты қайта өндеу қажеттілігіне ғана емес, шипажай - сауықтыру туризмі аясында да қарауын өтінді.

Салық салу және кедендік әкімшіліктендіру заң жобасын талқылау барысында шипажай - сауықтыру туризмі аясындағы жер асты суларынан пайдалы кең өндірісіне деген салық мөлшерлемесін төмендету туралы түзетулері депутат Перуашев пен Никитинскаяның атынан енгізіліп, Мәжіліс пленарлық отырысында мақұлданды. Бұл ұсыныстар ҚР Үкіметінен де  қолдау тапты.

«Ақ жол» ҚДП  парламенттік фракциясы сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жұмысын жалғастыруда.