26
Желтоқсан

Санат жоқ 26.12.2016

«Ақжолдықтар» Тәуелсіздігіміздің 25-жылдығына арналған жүгіру марафонына қатысты

'Ақ жол' ҚДП баспасөз қызметі. 2016 жыл.  26 желтоқсан.

«Ақжолдықтар» Тәуелсіздігіміздің 25-жылдығына арналған жүгіру марафонына қатысты. Марафон  Қазақстан құрылысшылар Одағының төрағасы, Мәжілістің V шақырылымының депутаты, қалалық марафон клубының жетекшісі Талғат Ерғалиевтың белсенді ұйымдастыруымен өтті.

Астананың Триатлон-паркінде өткен екі жарым шақырымдық жүгіру марафонына көптеген қала  тұрғындары қатысты.

«Біздің басты мақсатымыз – жастар арасында салауатты өмір салтын және  спортты насихаттау, - деді Ергалиев. – Марафонға қатысушыларға  жас шектеуі жоқ: қатысушылар арасында жастар да, жасы ұлғайған азаматтар да бар. Ең бастысы – қатысу».

Бір атап өтерлігі, Қазақстанның кәсіби марафоншылары үшін жүгіру ара қашықтығы  5000 – 10000 метрді құрады. Ұйымдастырушылар осы Тәуелсіздік күніне арналған қысқы марафонды жыл сайын өткізуді дәстүрге айналдыру ойда екенін айтты.

Осы іс-шараны  Қазақстан құрылысшылар Одағы және  «Астана Желаяғы» Астаналық  марафон клубы Астана қаласының әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырды.