«Ақ жол» ҚДП-ның Маңғыстау облыстық баспасөз қызметі, 2016 жыл. 25 желтоқсан.
25 желтоқсан күні Ақтау қаласында «Ақ жол» ҚДП-ның Маңғыстау облыстық филиалының ұйымдастыруымен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев кездесу өткізді.Кездесуге Ақ жол» ҚДП төрағасының Азат Перуашев, Ақ жол» ҚДП төрағасының орынбасары Болат Өтепбаев, «Ақ жол» ҚДП Орталық кеңесінің мүшесі Жаңбырбай Доспаев, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық Партиясының Маңғыстау облыстық филиалының Кеңес мүшелері, ақылдасар алқасының мүшелері, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық Партиясының Маңғыстау облыстық филиалының мүшелері, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық Партиясының Маңғыстау облыстық филиалының жанындығы «Ақ жол-жастар» жастар қанатының мүшелері, Маңғыстау индустриялдық палатасының қызметкерлері, Ауған соғысы ардагерлері, «Маңғыстау облыстық Семей ядролық сынақ полигонының ерекше тәуекел етушілер бөлімінің ардагерлері мен мүгедектері» қоғамдық бірлестігі және БАҚ өкілдері қатысты. Кездесу барысында Ауған соғысы ардагерлері мен Чернобыль Атом электр станциясында болған апатты залалсыздандыруға қатысушылары Сағидулла Төленов, Ырзабек Өтегенов әлеуметтік көмек мәселелері және «Маңғыстау облыстық Семей ядролық сынақ полигонының ерекше тәуекел етушілер бөлімінің ардагерлері мен мүгедектері» қоғамдық бірлестігі мүшесі Қорғанбай Іздібаев өткен ғасырда Семей жерінде сынақтан өткен атом бомбаларының зардаптары бойынша көкейтесті сұрақтарын қойды.
«Ауған соғысы ардагерлері болашақ ұрпаққа үлгі болуы тиіс» - деді, «Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектер одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қартбек Дүйсенбаев. Ол Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық Партиясының жұмыстарына ризашылығын білдірді.
Одан әрі, Маңғыстау облыстық «Ақ жол-жастар» жастар қанатының ата-аналар комитетінің мүшесі, ұстаз Нұржамал Исамбаева әрбір азаматтың жетіліп, дамуы үшін ортасы болу керектігін алға тартты, қоғамға пайдасы мол іс-шаралар үшін «Ақ жол» ҚДП төрағасы Азат Перуашевқа аналық алғысын білдірді.
Шара соңында Азат Перуашев «Ақ жол» ҚДП орталық кеңесінің мүшесі, Маңғыстау индустриялдық палатасының директоры Жаңбырбай Доспаевты «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» медалімен марапаттап, жиналған көпшілік қауымды Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтап, алтын уақыттарын бөліп келгендеріне алғысын білдірді.