07
Қантар

Меруерт Қазбекова партия активімен кездесті

«Ақ жол» ҚДП-ның Ақмола облыстық филиалы, 2017 жыл. 5 қантар

Депутат Меруерт Қазбекова  «Ақ жол» ҚДП Ақмола облыстық филиалы активімен кездесті.

Кездесуде партияның облыстық филиалының төрағасы Серік Бейсембаев кіріспе сөз сөйлеп, облыстағы жағдайдан хабардар етіп, өткен жылы атқарылған іс-шаралар туралы есеп берді.

Ал, Меруерт Қазбекова Парламенттегі жұмысы жайлы баяндады. Жоғарғы заң шығару органындағы  қабылданған заңнамалар жөнінде хабарлама жасады.  Ол экстремизммен күрес  жөніндегі заңға ерекше тоқталды. Бұл бүгінгі күні барша қазақстандықтарды толғандырып отырғанын атап көрсетті. «Іштен шыққан жау жаман» демекші, бейбіт күннің шырқын бұзған лаңкестік  ешкімге жақсылық әкелмесі анық. Сондықтан заң қабылданды, енді жат пиғылды ағымдармен күресті күшейту қажет етіледі, - деді Қазбекова.

 

Актив мүшелері Әділбек Ғабдуллин, Баржақсы Жақанов, Александр Поплавский жергілікті жердегі көкейкесті мәселелер жөнінде пікір алмасты.  Қазіргі жанармай бағасының қымбаттауы және коммуналдық қызметтердің жұмысы туралы  ойлар қозғалды, ал Меруерт Қазбекова өз кезегінде бұл мәселелерді шешуге баса назар аударатынын атап өтті. Актив жұмысы барысында ұйымдық мәселелер де қаралды. Облыстық филиалдың жұмысын жандандыру жөнінде де өзінің ойын ортаға салды.