01
Ақпан

Санат жоқ 01.02.2017

Ерлан Барлыбаев: «Ақ жол» үкіметке Президент Жолдауын жүзеге асыруда халықаралық франчайзингті ШОБ өнімді өндіру мен өткізудің жаһандық жүйесіне қосылу құралы ретінде қолдауды ұсынады

«Ақ жол» ҚДП баспасөз-қызметі, 2017 жылдың 1 ақпаны.

«Ақ жол» үкіметке Президент Жолдауын жүзеге асыруда халықаралық франчайзингті ШОБ өнімді өндіру мен өткізудің жаһандық жүйесіне қосылу құралы ретінде қолдауды ұсынады – бұл туралы бүгін Мәжілістің пленарлық отрысында Ерлан Барлыбаев мәлімдеді.

«Кеше, «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Қазақстан халқына Жолдауында Президенттің 2025 жылға қарай шикізаттық емес экспортты 2 есе ұлғайтуға қол жеткізуге тапсырма бергені» туралы фракцияның Премьер-Министр Сағынтаевтың атына жіберген сауалында айтылады. Нұрсұлтан Әбішұлы, прагматик және реалист ретінде, «велосипед ойлап табуды емес», тауар өндіру мен өткізу, қызмет көрсету ісін жаһандық желіге бейімдеуді ұсынып отыр. Мұны, ең алдымен, трансұлттық компанияларды тарту арқылы жасаған жөн.

Ерлан Барлыбаев трансұлттық корпорациялардың көбіне тек ірі бизнеске бағытталғанын атап өтті, бірақ шағын және орта бизнеске де қолданыстағы халықаралық жүйелерге кіретін тәсілдемелер бар.

Ең алдымен, алдыңғы қатарлы әлемдік компаниялар жергілікті кәсіпкерлерге өз технологиялары мен процестерді ұсыну арқылы оларды жаһандық сату жүйесіне қосуды франчайзингтің құралы ретінде қолдана отырып, сонымен қатар олардың технологияны сақтауы мен сапаға бақылау жүргізуімен бірге мемлекетті бақылау міндеттерінен босатады және жемқорлық алаңын төмендетеді.

Депутат ЭЫДҰ мемлекеттерінде ШОБ нығайту мен сату нарығын қамтамасыз етуде франчайзинг жоғары тиімділікке ие болғанын дәлелдейтін халықаралық мәліметтерді келтірді: егер нарықта жаңадан құрылған кәсіпорындардың бірінші 3 жылында 70-80% жуығы күйзеліске ұшыраса, франшизаны қолданған кәсіпкерлердің ішінде 60% астамы нарықты табысты игереді. Сондықтан да кейбір еуропалық елдерде әр саланың тек үкіметтік органдардың бекіткен алдыңғы қатарлы халықаралық компаниялардың тізіміне еніп франшизаны колданатын жеке кәсіпорындарға ғана мемлекеттік қолдау көрсетеді.

Бірақ, нақты көшбасшылардың франшизалары айтарлықтай арзан болмаса да, сарапшылардың болжамдауынша, XXI ғасырда әлемдегі ШОБ 50%-нан астамы франчайзинг жүйесімен жұмыс жасайды.

Әлемге әйгілі Coca-Cola, БаскинРоббинс, KFC, Adidas, Marriot мейманханалар жүйесі сияқты компаниялар қазірдің өзінде Қазақстанда франчайзинг бойынша жұмыс жасап жатқанын Барлыбаев еске салды. Ал өткен жылдан бастап «Даму» қорымен жалпы сомасы 1 млрд. теңге құрайтын франчайзингтік жобаларды қаржыландыру бағдарламасы жүргізілуде.

Алайда, БАҚ мәліметтері бойынша, аталмыш бағдарламаны 8-ақ кәсіпкер пайдаланған, мұның өзі технологияларды импорттау мен тауарларды алға жылжытудың жемісті арнасы ретінде осы құралдың рөлінің бағаланбайтындығын көрсетеді.

Тағы бір мәселе «Ақжолдықтардың» ойынша, өндірістік франчайзингтің жетіспеушілігі болып табылады, соның ішінде өнім шығаруға лицензияларды табыстаумен байланыстысы. Қолда бар ақпараттарға қарағанда, Қазақстандағы өндірістік  салада франчайзингтік кәсіпорындардың 2% ғана осы жүйеге қосылған.

Осыған орай, «Ақ жол» ҚДП депутаттық фракциясы үкіметке мынадай ұсыныстармен шығады:

1)            Халықаралық франчайзинг нарығын зерттей отырып, ең алдымен олардың франшизаларын Қазақстанға ендіру үшін Үкімет бизнеске ұсыныс жасау үшін өндірістік сектордың көшбасшы компанияларының тізімін қалыптастыру;

2)            Халықаралық франчайзинг құралдарын қолданатын шағын және орта бизнес кәсіпкерлері үшін де трансұлттық корпорациялардың қатысуымен құрылған кәсіпорындарды қолдау амалдарына ұқсас, тиісті ынталандырулар қарастыру;

3)            Бекітілген үкіметтік тізімнен халықаралық франшизаны төлеу үшін кәсіпорынның шығындарын субсидиялау мәселесін қарастыру;

4)            ҚР 2015-2019 жылдарға арналған Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының басымды бағыттарының ішіне халықаралық франчайзингті дамытуды қосу.

 

«Ақ жол» ҚДП парламенттік фракциясы сайлауалды бағдарламасы мен қазақстандық бизнесті қолдау жұмысын жүзеге асыруды жалғастыруда.