03
Ақпан

Санат жоқ 03.02.2017

Үндеу демократиялық даму жолындағы тарихи шешім

«Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі. 2017 жылдың  3 ақпаны

Бүгін ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Екатерина Никитинская, «Ақ жол» ҚДП Алматы қалалық филиалының төрағасы Дмитрий Васильев және төраға орынбасары Ерлан Ақжолов Алматы қаласындағы А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығында болды.

       Қазақстан Республи­касының Конституциясына өзгерістер мен толық­тырулар енгізу туралы» ҚР заңының жобасын талқылау мақсатында аталмыш мекеменің профессорлар құрамының қаты­суымен келелі іс шара болды. Жиын барысында халық қалаулысы Екатерина Никитинская аталмыш мекеме ұжымының алдында  Мемлекет басшысының Үндеуіне де тоқталып кетті. Өз сайлаушыларымен пікір алмасқан депутат Елбасы­ның Үндеуі демократиялық даму жолындағы тарихи шешім болға­нын ерекше атап өтті.   

 «Қазір еліміздің барлық өңір­ле­рінде Елбасымыз Нұрсұлтан Назар­баевтың Қазақ­стан  халқына арнаған Үндеуі қызу қолдау тауып, талқыланып жатыр. Елбасы Үндеуде конститу­циялық заңдарға өзгерістер енгізіп, қазіргі мемлекеттік басқару жүйесін жаңар­татын кездің келгенін айтып, мұндай қадам заман талабынан туындап отырғанын жеткізді. Шындығында, ең алғаш Тәуелсіздік алған жылдарда бізге президенттік басқару тетігі қажет болған еді. Оның нәтижесінің қандай болғанын біз көріп отырмыз. Жиырма бес жыл ішінде біз әлемнің ең алпауыт мемлекеттерімен теңесетін мемле­кеттер қатарына кірдік. Бәсекеге қабілетті Қазақстанға айналдық. Осы­нау табысқа толы 25 жылдан соң біз жаңаша қадам басып, жаңа дәуірдің есігін ашқалы отырмыз. Аталған бұл қадам Парламент пен Үкіметке үлкен жауап­кер­шілік, сенім жүктеп отыр» – деп, депутат Екатерина Никитинская өз ойын ортаға салды.  Жиын соңында А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының директоры Болат Баймаханов клиниканың тыныс тіршілігімен таныстырып шықты. «Өткен жылы біздің клиникада бауырды трансплантациялау бойынша 155 ота жасалған, соның ішінде 11 ота бір жасқа толмаған сәбилерге жасалды. 720 бүйрек трансплантацияланған.  Бүгінде жүрек – қантамырлары ауруларына заманауи хирургиялық тәсілдер қолданылады. Пластикалық хирургияға да біз жаңа әдістерді қолдана отырып, науқастардың мүгедек болып қалмауын жалпы өмірлерін сақтап қалу үшін бар күшімізді саламыз» - деп, клиника директоры Болат Баймаханов ағынан жарылды.