«Ақ жол» ҚДП Алматы қалалық баспасөз қызметі. 2017 жылдың 7 ақпаны
Депутат Екатерина Никитинская «Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» акционерлік қоғамында болды. Сапар барысында депутат мемлекет Басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауының негізгі ережелерін түсіндіру бойынша еңбек ұжымымен жүздесті. Өз сөзінде ол Жолдаудың басым бағыттарына тоқталып өтті. Атап айтқанда, депутат ұжым назарын биылғы Жолдауда айтылған еңбек нарығының жаңғырту және бизнес-ортаны кеңейту мәселелеріне аударды.
Кездесу барысында «Жол картасы» және жұмыспен қамту орталықтарының реформалаудан өтіп, оның базасында барлық елді мекендерде бар бос жұмыс орындары тіркелген бірыңғай онлайн платформасы ұйымдастырылатыны туралы әңгімеледі.
- Әкімдіктермен әзірленетін осы «Жол карталары» бойынша қысқартылатын қызметкерлердің қайта даярлау және оларды одан әрі жұмысқа орналастыру мәселесі шешімін табатын болады, - деді депутат. Сонымен қатар, депутат нәтижелі жұмыспен қамту және бұқаралық кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы туралы және оның іске асыру жұмыстарына Үкімет жаңа жылдаң бастап кіріскені туралы да атап өтті. Содан соң, ол Елбасының 25 қаңтардағы Үндеуінде атап өткен билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі ұсынылатын конституциялық реформалары туралы айтып өтті. Жиын соңында жұмысшылар депутат Екатерина Никитинскаяға бүгінде арнайы мамандарға тапшы екендерін тілге тиек етті.