'Ақ жол' ҚДП баспасөз қызметі, 20 ақпан 2017 жыл
«Ақ жол» партиясы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғағаны үшін Бас прокурор Жақып Асановқа ризашылығы мен қолдауын білдірді – бұл туралы өткен сәрсенбіде фракция жетекшісі Азат Перуашев өз депутаттық сауалында мәлімдеді. Оның айтуынша, Қарағандыда 10 ақпанда өткен көшпелі алқасында Бас прокуратура фискальдық органдардың кәсіпкерлерді қудалаған қорқынышты деректерді анықтаған. Мысалы, 2015 жылы бұл облыста жалған кәсіпкерлік бойынша 437 қылмыстық іс қозғалып, оның 7-і, яғни, тек қана 1,5% ғана сотқа дейін жеткен.
«Сонда, істің 98,5% негізсіз қозғалған, әдеттегідей бопсалаушылық, қорқыту немесе рейдерлік», - деп «ақжолдықтар» айырмашылығын санады. Сол арада, «Ақ жол» партиясы жалған кәсіпкерлік туралы бабының мәселесін 12 рет өзінің депутаттық сауалдарында көтерген болатын, жалған кәсіпкерлер сыбайлас шенеуніктердің қолдауымен жұмыс істеп отыр. Солай 2014 жылы Оңтүстік-Қазақстан, Ақмола, Жамбыл, Қостанай облыстарының салық органдар қызметкерлері және 16 жетекшілері жалған кәсіпорындарға астыртын дем берушілік бойынша айыпталған болатын. Қазақстанның барлық аумағында осындай жағдайлар анықталған. Бірақ та, әрдайым келтірілген залал шынайы жұмыс жасайтын кәсіпорындардың мойнына ілінеді.
3 ақпандағы Үкімет отырысында Мемлекет басшысының да жалған кәсіпкерлік мәселесін шешу барысында адал емес шенеуніктерден бизнесті арашалауды Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне тапсырған болатын.
«Жалған кәсіпкерлік» бабын бопсалаушылыққа қолдану сондай ынғайлы, себебі 2016 жылы Қарағанды облысында қозғалған істің саны екі есе 948-ден 437-ге дейін өскен. Бірақ та, сотқа тек қана – 6% ғана жеткен. Ал елде осындай санкцияға ҚҚС төлеушілерінің ішінде 70 мыңнан 35 мыңы ғана душар болған, тұрақты бизнестің қалғаны біріңғай. Содан соң, мемлекеттік органдар көлеңкелі экономиканың өсуіне таң қалады?» - деді Азат Перуашев.
«Ақ жол» көшбасшысы Бас прокуратура алқасына қатысқанында Бас прокурор «парламенттік емес, бірақ әділ сөзінде» осындай шектен шыққандардың тегін жариялап, осы тергеушілердің үстерінен іс қозғауды талап етті.
Осыған байланысты, «Ақ жол» депутаттық фракциясы Бас прокурор Жақып Асановқа ризашылығы мен қолдауын білдіріп, тағы да Үкіметке Қылмыстық кодекстен «жалған кәсіпкерлік» бабын алып тастау туралы ұсынысты және 3 ақпанда Мемлекет басшысы заңнамалық тұрғыда жалған кәсіпкерлік бойынша санкцияны оның қамқоршысына арту барысында адал кәсіпкерлерге емес адал емес шенеуніктерді арашалауды тапсырды.