20
Ақпан

«Жан жылуы – өмір шуағы» қайырымдылық кеші

«Ақ жол» ҚДП-ның Маңғыстау облыстық филиалының баспасөз қызметі.  

2017 жылдың 19 ақпан күні «Ақ жол» партиясының  Маңғыстау облыстық филиалы жанындағы «Ақ жол» жастар қанатының 2 жылдығы аясында Маңғыстау облысы Қарттар үйінде «Ақ жол» жастар қанаты мен ҚМДБ-ның Маңғыстау облыстық орталық мешітінің ұйымдастыруымен отбасылық үлгідегі балалар ауылымен бірлесе «Жан жылуы – өмір шуағы!» атты қайырымдылық кеші өткізілді.

 Кешті «Ақ жол» жастар қанаты төрағасының орынбасары Әсел Ғалымжанова мен «Ақ жол» жастар қанатының мүшесі Қазбек Атадусов жүргізді.

Қайырымдылық кешке  Маңғыстау облысы Қарттар үйі, Маңғыстау облысы отбасылық үлгідегі балалар үйінің тәрбиеленушілері, Маңғыстау облыстық «Ақ жол» жастар қанатының жастары, Маңғыстау облысы орталық мешітінің қызметкерлері қатысты.

Кеш барысында Маңғыстау облыстық орталық мешітінің найб имамы Елдар Атибеков сауабы сансыз қайырымдылық пен жақсылық жасау әрбір пенденің дәрежесін өсіретіндігін айтып, өз ойын жеткізді.     

Қайырымдылық кеш соңында ҚДП «Ақ жол» Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы Матаев Жаңбырбай Жәнібекұлы ақылдың қайнар көзі қарттар турасында өз ойын жеткізіп, жастардың жақсылыққа үндейтін бастамалары еліміздің болашағын айқындап беретіндігін атап өтті. Сонымен қатар, қарттарға дастархан жайылып, арнайы сыйлықтар таратылды.