20
Қантар

Санат жоқ 20.01.2017

Бизнесшілер делегациясы «Ақ жол» депутаттарымен «Қорғас» ШЫХО-ға барып қайтты

«Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі, 2017 жылғы 20 қаңтар

Өткен бейсембіде «Ақ жол» фрациясының депутаттары Азат Перуашев пен Ерлан Барлыбаев Қазақстанның әр түпкірінен келген кәсіпкерлер тобымен бірге «Қорғас» ШЫХО-ға оның басшылығының шақыруымен барып қайтты. Меймандар кеден және шекаралық бекеттердің жұмысымен, инвесторларды тарту шарттарымен, Орталықтың жоспары мен оның игерілуімен, бизнестік даму, қазақстандық тауарларды ҚХР-а жылжытылу мүмкіншіліктерімен танысты.

А.Перуашев бұрынғы басшылыққа жасалған жағымсыз сыннан соң, өткен үш айда Орталықтың жаңа басшысы Қахарман Жазиннің жетекшілігімен ШЫХО-ның дамуына және кедендік тәртіпті жеңілдетуге күш салынып, кемшіліктерді жою жұмыстары жүргізгенін атап өтті:« әжептәуір алға жылжу бар, ол көрініп тұр, мұны тек құптаймыз, өз тарапымыздан бұл стратегиялық жобаның ойдағыдай жүзеге асырылуына қажетті қолдау көрсетуге дайынбыз».

«Ақ жол» депутаттары Парламент Мәжілісінде Қаржы министрлігінің басшылығымен өткен талқылау туралы айтты.

«Қаржы министрлігі басшылығы  жақын арада өзгертілген бұйрықты  іске қосуды уәде берді, оған сәйкес ерекше мән беріп салық салу мақсатындағы, тері өнімдері, зергерлік бұйымдары және кеңсе техникалары сияқты заттарды  қоспағанда, жеке заттар және тоқыма өнімдерін   алып өту нормасына сай алынып тасталынады»,- деді Перуашев.

Бұл жаңалық жергілікті кәсіпкерлердің оң реакциясын туғызды. Сонымен қатар, белгіленген өзгерістер  шеңберіндегі бажсыз жүк  нормалар талабын адам басына айына бір рет қолдануы туралы талапты жою бойынша ұсыныстар айтылды. «Іс жүзінде бұл нормадан, «ұрлап тасушылар» деп аталатындар  жалға алынып, оңай құтылуға болады, ал бұл шығындардың көбеюіне әкелуі, бірақ та кеден рәсімдерін ешқандай  жақсаруға септігін тигізбейді», - деп атап өтті кездесуге қатысушылар.

Қ.Жазин депутаттар мен кәсіпкерлерге  ШЫХО жұмыстарын одан әрі жақсарту жоспарлары туралы айтты. Мәселен, қазіргі таңда қытай техникалық жұмыс тәртібінің талабына сай сертификаттау Орталығын құру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр, мұның қазақстандық азық-түлік өнімдерін ҚХР-ға экспортқа шығару мүмкіндіктері мен көлемін көбейтетіні анық.