«Ақ жол» ҚДП-ның Маңғыстау облыстық баспасөз қызметі, 2017 жыл. 2 наурыз.
«Ақ жол» партиясының Маңғыстау облыстық филиалы жанындағы «Ақ жол-жастар» қанаты 2 жылдық кешін тойлады.
Мерекелік кешке Маңғыстау облыстық, Ақтау қалалық, аудандық әкімдігінің қызметкерлері, Маңғыстау облыстық орталық мешіт және аудандық мешіттердің қызметкерлері, мемлекеттік емес ұйымдар, Жалау Мыңбайұлының ұрпақтары, Төлеген Айбергенов атындағы «Байтақ мекенім» қоғамдық қоры, Ауған соғысының ардагерлері, Семей ядролық сынақ полигонының ерекше тәуекел етушілер бөлімінің ардагерлері, «№2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-і яғни қарттар үйінің аталары мен әжелері, белгілі ақын-жазушылар, зиялы-қауым өкілдері, ата-аналар, БАҚ өкілдері, Маңғыстау жастары және Алматы, Қызылорда облыстарынан жалынды жастар қатысты.
Мерекелік кеште 2 жыл аралығында өткізген іс-шараларының бейнеролигі көрсетіліп, «Ақ жол» ҚДП МОФ төрағасы Ж.Матаев сөз сөйледі және де Маңғыстау облыстық «Ақ жол-жастар» қанатымен бірлесе жұмыс атқарған, әрдайым қолдау көрсетіп жүрген мекемелерді және «Ақ жол-жастар» қанатының іс-шараларына белсенділік танытып жүрген бірқатар жалынды жастар легін «Ақ жол» ҚДП төрағасы А.Перуашевтің алғыс хатымен және «Ақ жол» ҚДП МОФ төрағасы Ж.Матаевтың алғыс хаттарымен марапаттады.