13 наурыз 2017 жыл, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі
Бас прокуратура «Ақ жол» - дың «Жалған кәсіпкерлік» бабы мен лауазымды тұлғаларға жеке материалдық жауапкершіліктің енгізілуін қылмыс деп танымау ұсынысын қолдады – 2017 жылғы 15 ақпандағы Азат Перуашевтың депутаттық сауалына жауап алынды.
ҚДП басшысы өз сауалында 10 жылдан бері Қылмыстық кодексте 2007 жылдан пайда болғаннан бастап «Атамекен» мен «Ақ жол» жалған кәсіпкерлік бабын зиянкесті қолдану туралы «дабыл қағып» келе жатырғандығын еске салды.
«Соңғы жылдардың өзінде Парламентте бұл мәселені 12 рет көтердік, адал бизнеске жалған кәсіпкерлік деп әркелкі санкциялар қоюуын құқыққа жат екенін, жалған кәсіпорындар әдетте сыбайлас шенеуніктердің тікелей «жетекшілігімен» қызмет атқаратынын Перуашов атап өтті. Мұндай деректер Қазақстанның барлық аймағында анықталды. Алайда, олардан түскен залал жұмыс істейтін кәсіпорындарға артылады.
Ағымдағы жылдың 16 қаңтарында Қаржы министрлігінің қатысуымен өткен Үкіметтік сағатында фракция жалған кәсіпкерлік бабын шығарып тастап және адал бизнеске санкцияларды арттырып қоюды доғаруды талап етті. Мемлекеттік табыс комитетінің басшылығы тағы да аталмыш бабты алып тастағанмен, жалған кәсіпкерлік контр-агенттерімен күресті әлі де жалғастыра беретінін мәлімдеді».
Еске сала кетейік, 3 ақпанда өткен Үкімет отырысында Елбасы жалған кәсіпкерлік жағдайына байланысты алаңдаушық білдіргенін айтқан еді. Мемлекеттік қызметі істері жөніндегі және сыбайластыққа қарсы тұру агенттігінің басшысы жалған кәсіпорындар лауазымды тұлғалардың бюджеттен қаржы ұрлау мақсатында пайдаланылатынын атап өтті.
«Бизнес адамдарымен емес, міне осы лауазымды тұлғалармен жұмысыңды жаса» - деп Елбасы қадап айтты.
Жақында алынған Бас прокуратураның хатында фракция депутаттары белгілеп берген мәселелер мүдделі органдармен пысықталып жатырғаны айтылды.
ҚР ҚК 215 бабын қылмыс деп танымау ұсынысы Бас прокуратураның қылмыстық және қылмыстық-процессуальдық заңнамасын жетілдіру Концепциясына енгізілді. Сонымен бірге Салық кодексіне де өзгерістер енгізу қолға алынып жатыр. Дәлірек айтсақ жалған кәсіпкерлер контрагенттерінің салығына сот үкіміне немесе шешіміне байланысты түзетпе жасау талабын алып тастау.
«Аталған Қылмыстық және Салық кодекстері адал кәсіпкерлерді емес, ұйымдастырушылар мен қамқоршыларды жауапкершілікке тарттыруға мүмкіндігі бар», - деп бас прокурор Жақып Асановтың ресми жауабында айтылған.
Сонымен қатар Концепцияда лауазымды тұлғалардың жеке материалдық жауапкершілігін арттыру мақсатында лауазымды тұлғалардың сыбайлас жемқорлық қылмыстарына қамқорлық көрсету тізімін кеңейту де қарастырылған.
Бас прокуатура «Ақ жол» депутаттарына жемісті ынтымақтастық үшін алғысын білдірді.
ҚДП «Ақ жол» Парламенттік фракциясы сайлауалды бағдарламасын іске асыру және қазақстандық бизнестің мүдделерін қорғау жұмыстарын жүзеге асыруды жалғастырады.