«Ақжол» ҚДПАқмолаоблыстықбаспасөзқызметі, 2017 жылдың 18 наурызы
«Ақ жол» ҚДП Ақмола облыстық филиалының қоғамдық қабылдауына өңірге ғана емес, елімізге танымал шығыс жекпе жегінің шебері, ұлттық республикалық киокушинкай-кан каратэ федерациясының вице президенті Әлімжан Молдағали арнайы келіп, жастарды спортқа баулу жөнінде өзінің ойымен бөлісті. Қазіргі жастарымыздың батыстың жат қылықтарына еліктеп жатқаны еш жасырын емес. Өзіміздің ұлттық болмысызды жоғалтпай, рухы биік, саналы да, білімді жастарды тәрбиелеу қоғамның басты міндеті болса керек.
Әлімжан Қайратұлы өзінің шетелде болатын сапарларында жастардың ол жақта спортқа ерекше ынтызар екенін байқайтынын айтты. Қазақ жастары да ешкімнен осал емес. Біздің ұлы бабаларымыз да тегін болмаған, аттың үстінде, найзасын қолынан тастамай, елін қорғаған. Бұл да ержүректік, өз еліне деген сүйіспеншілік.
Көкше елінде біздің сұхбаттасымыздың өз қолтаңбасы бар. Каратэ спортын дамытуға ерекше үлес қосып жүрген жан. Оны осы спорт түрінен 4 дан иегері екені де дәлелдей түседі.
Облыстық филиал төрағасы Серік Бейсембаев мейманға партия көшбасшысы Азат Перуашевтің және Алаш қайраткерлері туралы қос еңбекті табыс етті.