26
Қантар

Семей қаласында Азат Перуашевтің «Полемикалық экономика» атты кітабының тұсаукесері өтті

«Ақ жол» ҚДП-ның Шығыс-Қазақстан облыстық филиалы, 2017 жылдың 26 қаңтары

'Ақ жол' демократиялық партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының жетекшілері Рымбек Байсентов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжінде ҚР Парламенті Мәжіліс депутаты, «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашевтің «Полемикалық экономика» атты кітабының тұсаукесері өткізіп. Аталмыш жинақта Партия төрағасының сөздері мен жарияланымдары енген. Автор ең алдымен нарықтық реформалар мен жеке бизнесті қорғауды басты назарда ұстаған.

Кітап экономистерге, саясаттанушыларға, жоғары оқу орнының студенттеріне, сондай-ақ біздің еліміздің бүгіні мен болашағы туралы өткір пікірталастарына ықылас танытушылардың барлығына арналған.

 Жиын барысында «Ақжолтай» газетінің құрылтайшысы Рахат Алтай жиналғандарға кітапты таныстырып өтті, ол: «Полемикалық экономика» кітабы студенттерге ғана емес, экономистерге, саясаттанушыларға, сондай-ақ жаңа заманғы қазақ елінің мемлекеттік және экономикалық құрылысы мәселелеріне салғырт қарай алмайтын азаматтарға жалпы халыққа қажетті, құнды дүние. 2016 жылы жарыққа шыққан бұл жинақ бұған дейін Астана мен Алматы қалаларында таныстырылды»,-  деді.

«Ақ жол» демократиялық партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының орынбасары Бүркіт Сұлтанов «Азат Перуашев өз еңбегінде жас мемлекетіміздің экономикасы туралы іргелі ойлар айтады. Сондай-ақ, кітапта мемлекеттік мәселесіне зор көңіл бөлінген. Кітаптың атына сай, экономикаға баса назар аударылады, ұлттық құндылықтарға жіті мән беріледі.