29
Мамыр

Санат жоқ 29.05.2017

«Ақ жол» депутаттарының сауалы бойынша монополияға қарсы органдар кірме жолдар монополистерінің көптеген бассыздық фактілерін растады және әкімшілік іс қозғады

29 мамыр 2017 жыл, «Ақ жол» ҚДП баспасөз-қызметі

Ұлттық экономика Министрлігінің табиғи монополияларды реттеу комитеті «Ақ жол» фракциясы депутаттарының  өтініші бойынша монополияға қарсы заңнаманы бұзу фактілерін анықтады және растады – бұл жөнінде  бүгін ҚР ҰЭМ-нен алынған  хатта хабарланды.

Еске сала кетейік, ү.ж. 5 сәуірінде «Ақ жол» фракциясының жетекшісі Азат Перуашев Алматы, Қостанай, Павлодар және т.б. аймақтардың отандық кәсіпорындарын кірме теміржол жолдары монополистерінің озбырлығынан қорғап сауал жолдады.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы» Қазақстан халқына Жолдауында «...бизнес шығындарының барлық түрін фронтальды азайту үшін шара қабылдансын, әсіресе бұл энергетика, транспорт және логистика қызметтерінің құнына қатысты...», - деп тапсырған болатын. Ол Елбасының кәсіпорындардың шығындарын түбегейлі азайту тапсырмасын еске салды.

Азат Перуашев кірме теміржолдар иелерінің тарифты түсініксіз өсіру мысалдарын келтірді.  Мәселен, «ЦТС» АҚ тарифтің өзін көтергеннен басқа, пайдаланылған бөлік үшін ғана емес, АҚ техникалық құжатына сай барлық жолға, тіпті пайдаланылмаған телімге де қызмет құнын есептейді.  Нәтижесінде, бір вагонның тұйықтан магистральға дейін құны 4-8 есе өсті, ал «Зерновой Пул Казахстана» ЖШС-ның бір кәсіпорыны үшін  тариф 453,66 теңгеден 53713,49 теңгеге дейін, яғни 118 есе өскен!

 «Ақ жолдықтар» бұл үрдісті - қауіпті деп санайды. Есеп миллиардтарға кетті, тауарөндірушілер есебінен жолдарды ұстау шығындары өндірістік шығындармен салыстыруға келмейтін деңгейде қызмет көрсетушілердің пайдасында.   

Депутаттық сауал Мәжілісте қызу талқыға түсті, спикерден қолдау тауып,   Үкімет өкіліне бұл сұрақты жеке бақылауға алуды тапсырды.

Сауалдан кейін «Ақ жол» партиясына «ЦТС» АҚ президентінен хат келіп түсті, онда монополисттің шығындары тізімделді, сондай-ақ, кездесіп «барлық мәселелерді талқылауға» дайын екені көрсетілді. Бірақ депутаттар хабарласқан кәсіпкерлерді де кездесуге шақыруды ұсынғанда «ЦТС» АҚ басшылығы кездесуден жалтарды.

Ұлттық экономика Министрінің жауабында депутаттар мәлімдесінде баяндалған фактілер расталды. Осылайша, «ЦТС» АҚ «…кірме жолдардың ұзындығы бір жақты тәртіпте өзгертілді. Өзінің монополисттік жағдайын пайдаланып, АҚ қызмет көрсету мүмкіндігінің бірдей шарттарын шектеу  іс-әрекеттерін қолданды. Сонымен бірге, өзге де бұзушылықтар орын алды – мысалға, тұтынушылармен ұлттық экономика министрінің бұйрығымен бекітілген типтік шарттарға сәйкес емес келісім-шарттар жасау».

«ЦТС» АҚ-на қатысты сауалдың қорытындысы бойынша «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 164-ші бабының 4-ші және 5-ші  бөлімдері бойынша әкімшілік іс қозғалып, прокуратура органдарына қолдаухат дайындалып жатыр.

«Ақ жол» партиясының парламенттік фракциясы сайлауалды бағдарламаларын жүзеге асыру және отандық кәсіпкерлердің мүдделерін қорғау жұмыстарын жалғастыруда.