31 мамыр 2017 жыл, «Ақ жол» ҚДП баспасөз-қызметі
Бүгін 'Ақ жол' партиясының депутаттары мен Орталық кеңсесінің қызметкерлері қуғын - сүргін құрбандарына арналған 'АЛЖИР' кешенінде болып, жазықсыз жапа шеккен жандардың аруағына құран бағыштап, гүл шоқтарын қойды.
Партия жетекшісі Азат Перуашев бастаған 'ақжолдықтар' сосын ашық аспан астындағы мұражайды аралап көрді.
Сталиндік режим 'отанын сатқандардың' əйелдерін адам төзгісіз жағдайда ұстаған Ақмола лагері бүгінде сол зұлматты еске түсіріп қана қоймай, тəубесіне де келтіретін мұражай екені түсінікті де. 'Өлі разы болмай, тірі байымайды'. 'АЛЖИР'- өткенге тағзым, бүгінге сабақ!