12
Маусым

Санат жоқ 12.06.2017

Әлеуметтік пәтерлер Эстонияда салынуда

12 маусым 2017 жыл, «Ақ жол» ҚДП баспасөз-қызметі


«Ақ жол»  партиясының сауалына Қазақстандағы Эстония елшілігінен бірер ай бұрын ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» партиясының төрағасы А.Перуашев жас мамандарға арнап жатақхана, шағын пәтерлер салу мәселесіне қатысты жауап келді. Депутаттың бұл ұсынысы қоғамдық ортада резонанс тудырып, дау-дамайға ұласты. Азаматтық қоғам екіге жарылып, бір топ қолдап, бір топ қарсы пікір білдірді. Содан кейін «Ақ жол» партиясының басшылығы Қазақстандағы бірнеше шет елдің тұрақты және өкілетті елшілерінің атына хат жазып, олардың еліндегі осы мәселенің мән-жайын білуге сұраныс тастады. Міне, көп күттірмей алғашқылардың бірі болып, Қазақстандағы Эстония елшілігі Істерінің уақытша сенімді өкілі П.Миллер мырзаның жауап хаты келіп түсті. Аталмыш хатта:  «Иә,Эстонияда қазіргі таңда әлеуметтік тұрғын үй салынуда. Ол жеке бір ғимарат немесе оның бір бөлігі болуы мүмкін. Тұрғынға төсек-орын және осы үйдің мүлкі мен қызметтерін пайдалану құқығы беріледі. Адамдар 1-ден 4-ке дейінгі орынды бөлмелерде тұрады, балалы отбасыларға бөлек бөлме қарастырылған. Сондай-ақ, өз үйлерінен апат немесе зілзала салдарынан айырылғандар дағдарыс бөлмелерін пайдалана алады. Дәретханалар мен асүй ортақ пайдаланылады. Күзету мен қауіпсіздікке тәулік бойғы бақылау кепіл береді», - делінген. Міне, көрдіңіз бе, жастарының болашағын ойлаған елде мұндай жатақханалар біреу емес, бірнеше болады екен. Оның үстіне «Дәретханалар мен асүй ортақ пайдаланылады» депті. А.Перуашев дамыған шет елдің тәжірибесіне сүйеніп, осындай ұсыныс айтқанда, үйі бар, жағдайы дұрыс, орыс тілді бауырларымыз қолдарына шоқпар алып, бостан – босқа дау көтерді. Ал, депутат болса, халықтың әлеуметтік жағдайын шынайы түсініп, осындай тиімді жатақханалар салып, мемлекет бюджетін дұрыс пайдаланудың жолын айтқан еді.