10
Шілде

Санат жоқ 10.07.2017

Өскеменде бала емдейтін орынды балабақшаға айналдырмақ

Өскеменде еліміздегі бірегей оқыту-сауықтыру орталығын балабақшаға айналдыру туралы шешім қабылданды. Алайда мекеме басшылығы мен ата-аналар мұнымен келіспей отыр. Айтуларынша, орталықта қант диабеті, түрлі деңгейдегі аллергия сынды дертке шалдыққан балаларға барлық жағдай жасалған.

Енді оны қалыпты балабақшаға айналдыру үлкен тәуекелге бел буумен тең. Себебі, үнемі назарда болуы тиіс науқастардың 35-і – оқушы. Біріншіден, көптеген науқас бала медициналық жәрдемнен қағылса, екіншіден, қызметкерлердің жұмыссыз қалу қаупі бар. Қордаланған мәселені Мәжіліс депутаты Азат Перуашев назарға алып, ұжыммен арнайы кездесуге келді. Үкіметке осы мәселе бойынша тағы да депутаттық сауал жолдамақ.

Азат Перуашев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Кәсіподақтың өкілі айтқандай, әкімдіктің бұйрығы реорганизацияға сәйкес келмейді екен. Сондықтан олардың қорқып отырғаны ұжымның жұмыссыз қалуы. Біз осы мәселені назарға алып отырмыз. Шынын айтсақ, осындай сирек бастамаларды сақтау керек, жабу емес, жоғары дәрежеге шығару керек деп білемін.

             

             Деректеме - '
Хабар24 ' телеарнасы