13
Шілде

Санат жоқ 13.07.2017

Азат Перуашев Қытайдың Хэбей провинциясының кәсіпкерлер делегациясын қабылдады

13 шілде 2017 жыл, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі


«Ақ жол»  партиясының төрағасы, Парламент Мәжілісінің депутаты Азат Перуашев Қытайдың Хэбей провинциясының вице-губернаторы Уан Щиау Дон бастаған кәсіпкерлер делегациясын қабылдады. Кездесу барысында Уан Щиау Дон мырза өзі басқарып отырған провинцияның экономикалық көрсеткіштері жайлы баяндап, өздерінің Қазақстандық кәсіпкерлермен бірлесе жұмыс істеуге мүдделі екендіктерін жеткізді. Хэбей – Қытайдың өңдірісі дамыған, халқы тығыз қоныстанған аймақтардың бірі. Вице-губернатордың айтуынша, мұндағы халықтың саны 70 млн асады.


Азат Перуашев өз кезегінде Қазақстанда жүріп жатқан «Нұрлы жол» бағдарламасымен Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» бағдарламалары бірін-бірі толықтыратын, екі елдің де экономикасына өте қажетті жобалар екенін атап өтті.

Кездесуге қатысқан екі тараптың кәсіпкерлері де құрылыс саласы, жаңа технология бойынша бірлесе жұмыс істеу қажеттігін сөз қылды.