Перуашев ҚазИнвестБанк салымшыларының мәселесін шешкені үшін Ақышевқа алғысын білдірді
5 қыркүйек 2017 жыл, «Ақ жол» ҚДП баспасөз-қызметі
Перуашев ҚазИнвестБанк салымшыларының мәселесін шешкені үшін Ақышевқа алғысын білдірді – тиісті хат Ұлттық банк басшылығына кеше жолданды.
Ү.ж. 18 қаңтарында «Ақ жол» фракциясы ҚазИнвестБанк салымшылары-кәсіпкерлердің өтініші бойынша депутаттық сауал жолдағанын еске сала кетейік. Кепілдік мөлшерінен асып кеткен және қорғаусыз қалған ЖК салымдарын қайтару туралы сөз болды.
Жақында фракцияның атына кәсіпкерлердің мәселелері оң шешімін тапқаны туралы хат келді. Оған А.Агасиев, Н.Ковалевская, Н.Копылов, К.Өтежанов, Ю.Епишев, А.Нұрбатырова, А.Исаков, Н.Брынова, А.Соловьев және т.б. қол қойған.
«Өтініш берушілер салымдарды алуға қатысты барлық мәселелер толығымен шешілгендігі туралы хабарлады. Сондай-ақ Ұлттық Банк тарапынан қажетті қолдау алғандығын - Перуашев атап өтті. Осыған орай біз Сізге осы мәселені шешудегі көмегіңіз үшін алғысымызды білдіреміз.