Алдағы уақытта Қытай Коммунистік партиясының өтетін съезіне орай Азат Перуашев ҚХР-сы елшілігінің сұрақтарына жауап берді. Оның айтуынша, Қазақстандық жұмысшыларды жұмысқа алуда және қазақстандық мердігерлер мен серіктестіктерді тартуда Қытайлық инвесторлар Қазақстанның ұлттық мүдделерін барынша есепке алулары тиіс
«Ақ жол» ҚДП баспасөз-қызметі, 2017 жылдың 7 қыркүйегі
Алдағы уақытта Қытай Коммунистік партиясының өтетін съезіне орай Азат Перуашев ҚХР-сы елшілігінің сұрақтарына жауап берді. Оның айтуынша, Қазақстандық жұмысшыларды жұмысқа алуда және қазақстандық мердігерлер мен серіктестіктерді тартуда Қытайлық инвесторлар Қазақстанның ұлттық мүдделерін барынша есепке алулары тиіс.
«Си Цзиньпиннің «Бір белдеу – бір жол» бастамасы Н.Назарбаевтың «Нұрлы жол» стратегиялық бағдарламасымен түйіндесіп, Қазақстандағы экономикалық белсенділікке және Орталық Азиядағы барлық аймақтарға позитивті ықпал етеді – делінген жауапта. – Бұл ғаламдық бағдарламалар – жаңа болашаққа жол ашып, біздің мүмкіндіктерімізді ұлғайтатын екі мемлекет достығының жалғасы.
Перуашев, ҚКП ОК-нің Халықаралық Бөлімдердегі және қытай инсвесторларымен кездесулерде «Ақ жол» ҚДП-ның өкілдері Қазақстанның ұлттық мүдделерін барша есепке алуды: қазақстандық жұмыскерлердің жұмыс орындарының сақталуын, қазақстандық мердігерлерді, қызмет көрсету ұйымдарын, жабдық және тауар жеткізушілерді тартуды ұсынатынын әрдайым айтады.
Жаңа мәселе ол, Қазақстаннан ҚХР-на біздің елімізде шығарылған тауарлар мен өнімдерді импорттауда кедендік бажды алып тастау қажеттігі болып табылады. Бұндай өтініш, Азат Перуашевтың айтуынша, ұн, ет және өзге де тағам өнімдерін шығаратындардан түседі.
«ҚКП 19-шы сьезіне біздің үмітіміз іскерлік және Қытайдың экономикалық белсенділігінің ары қарай жоғарылауына байланысты, ҚХР-на біздің кәсіп қамтамасыз етуге дайын қазақстандық тауарлар үшін олардың инвестициялық бағдарламаларының ұлғаюы және ішкі нарықтарының ашылуы болып табылады. ҚКП 19-ші сьезінің күн тәртібінде көрініс табатын, өнеркәсіптік эмиссияның қоршаған ортаны ластауы сияқты, «жасыл энергетиканы» және экологиялық таза технологияларды дамыту. Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесінде ҚХР-ның павильоны ерекшелердің бірі болды.»
Тағы да бір үлкен бірге қызмет істейтін өріс, «ақжолдықтардың» ойынша, қытайлық серіктестіктердің жетістігі ерекше айқын болған инновация және технология сондай-ақ, IT саласын және экономиканы цифрлау болуы мүмкін.
«Ақ жол» партиясы өзінің саяси бағдарламасына сыбайлас жемқорлықпен күресті басымырақ етіп қойды. Өткен жылдың күзіндегі ҚКП ОК Халықаралық бөлімдеріндегі кездесулерде, мен, өзінің халқынан жемқорлармен ұрланған қаржылай қаражаттарды отанға іздестіріп және қайтаруға біздің жігерімізді біріктіруге ұсындым. Осы сұрақтар бойынша ҚХР-сымен өзара әрекеттесу олардың жемқорлықтың жолын кесу мен қаражаттарды қайтарып алуда үлкен тиімді тәжірибесі бар болғандықтан өте қажет, сондай-ақ халықаралық журналистердің тергеу деректері бойынша бүгін «сыбайлас жемқорлықтан алынған ақшалардың ізін жою» Еуропада ғана емес, азиялық оффшорларда да бар болғандықтан, деп көрсетілген хатта.
КСРО және КОКП ыдырауының сабақтары туралы қытайлықтардың сұрақтарына жауап бере отырып Азат Перуашев, «КСРО ыдырауының негізгі себептері тиімсіз экономика, ұлттық саясаттың қиғаштығы және тілдік ықпалдың шегінде одақтық республикалардың ұлттық санасын басу, демагогияны көбейтуі және әлеуметтік-экономиканың маңызды сұрақтарына зақым келтіре отырып саясатшылдықпен айналысу болды» деп, ескере кетті.
КСРО мен КОКП арасындағы айырмашылығы айқын: Қытайдың Компартиясы тәжірибелік адамдар үшін аса маңызды сұрақтардың шешімімен айналысады
ҚХР-ның деңгейі мен сапасы әрдайым жоғарылауда – бұл біздің көзіміздің алдында болып жатыр. Ұлт тұрақты жаңару және жаңғыру режимінде» - деп қосты Азат Перуашев.