12 қазан 2017 жыл, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі
«Ақ жол» квазимемлекеттік секторында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін қылмыстық жауапкершілікті енгізуді талап етеді–бұл жөнінде Мәжілістің пленарлық отырысында Кеңес Әбсатиров мәлімдеді.
2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының басты бағыттары ретінде мемлекеттік қызметте, квазимемлекеттік және жеке секторлардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар анықталғанын естеріңізге сала кетейік.
«Ақ жолда» квазимемлекеттік секторында сыбайлас жемқорлықтың қатері ерекше қауіп тудырады, себебі оның үлесі елдің ЖІӨ-нің 60% -нан астамын құрайды, ал сатып алу көлемі мемлекеттік сатып алуға қарағанда 3-5 есе жоғары деп есептейді. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық субъектілеріне квазимемлекеттік сектор субъектісінде басқару функцияларын атқаратын адамдар жатқызылғаны кездейсоқтық емес.
«Жоғарыда аталған Заңның талаптарына қарамастан қолданыстағы Қылмыстық кодексте сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық субъектілеріне тек тұрақты, уақытша немесе арнаулы өкілеттік бойынша билік өкілінің функцияларын жүзеге асыратын не мемлекеттік органдарда ұйымдастырушылық-өкімдік немесе әкімшілік-шаруашылық функцияларын орындайтын лауазымды тұлғаларға арналған қылмыстың құрамы бойынша бірқатар баптар жатқызылған», - делінген сауалда.
Сонымен бірге, осындай жауапкершілікке квазимемлекеттік секторы, мемлекеттік холдингтер және ұлттық компаниялардың субъектілерінде ұйымдастырушылық-өкімдік немесе әкімшілік-шаруашылық функцияларын орындайтын тұлғалар жатқызылмаған.
Егер мемлекеттік қызметкер заң алдында барлық қатаң жауапкершілікпен жауап беретін болса, квазимемлекеттік сектордың лауазымды тұлғары сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың аясынан тыс қалады.
Есептеу комитетінің есептерінде жыл сайын ұлттық компаниялардың және мемлекеттік кәсіпорындардың қаражаттарын теріс пайдалануда көптеген заң бұзушылықтар тіркелген.
Әбсатиров «Ақ жол» депутаттары үкіметке квазимемлекеттік секторындағы корпоративтік сыбайлас жемқорлықпен күресу қажеттілігі туралы бірнеше сауалдар жібергенін еске салды. «Ақ жол» ҚДП фракциясы мемлекеттік кәсіпорындардың сатып алу туралы заңын әзірлеу туралы табанды талабына Үкімет үнемі бас тартып келеді.
«Біздің ұлттық компанияларымыздың лауазымды тұлғаларына сыбайлас жемқорлық қылмыстарына қатысты қылмыстық жауапкершілікті бірнеше рет талап етуден кейін, ү.ж. 12-ші маусымында Қаржы министрлігі «Мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектор субъектілерін сатып алу туралы кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстырды. Оған квазимемлекеттік сектор субъектілерінің лауазымды тұлғаларын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін қосу ұсынылды. Бірақ қазір осы Заң жобасының тағдыры белгісіз, Мәжіліске ол келіп түспеді», - деп атап өтті депутат.
Сонымен қатар, «ақ жолдықтардың» ойынша, экономиканың ең ірі сегментінде толық жауапкершіліктің болмауы жемқорлықтың дамуының алғышарты болып табылады және ешқандай қорқынышсыз аса ірі қаржыны тым «еркін» пайдаланғаны үшін ұлттық компаниялардың шенеуніктеріне небәрі сөгіс жарияланады немесе сыйақыдан айырылады.
«Ақ жол» депутаттары бұндай тәсілді қолайсыз деп есептейді, себебі квазимемлекеттік сектор жеке мүдделерін байыту үшін емес, мемлекеттік экономикалық саясатты шешу үшін сеніп тапсырылған мемлекеттік қаржыларға иелік етеді.
Осыған орай, «Ақ жол» ҚДП кезекті рет мемлекеттік органдардағы лауазымды тұлғаларға сияқты, квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін ұйымдастырушылық-өкімдік немесе әкімшілік-шаруашылық функцияларды жүзеге асыратын тұлғалар үшін қылмыстық жауапкершілікті енгізуді кезекті рет қайта қарауды ұсынып отыр.
«Ақ жол» ҚДП парламенттік фракциясы сайлауалды бағдарламаларын жүзеге асыру жұмыстарын жалғастыруда.