11 қазан 2017 жыл, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі
Отбасылары далада қалмас үшін, құқық қорғау органдарының қызметкерлері қарақшылардың қолынан қаза табу керек пе?– Азат Перуашев Мәжілістің пленарлық отырысында тұрғын үй қатынастары туралы заң жобасын әзірлеушілеріне оны талқылау барысында осындай сұрақ қойды.
Аталған зан жобасы қазақстандық әскери қызметкерлерін, ішкі істер органдары қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету жүйесін жетілдіруді көздейді. Жұмыс тобының қарауына «Ақ жол» фракциясының депутаттары әскери қызметкер қайтыс болған жағдайда, оның отбасымен қызметтік тұрғын үйді жекешелендіру мүмкіндігіне қатысты түзетулер енгізілген болатын. Түзетуді әзірлеушілер қолдамады.
Бүгін пленарлық отырыста Азат Перуашев енгізілген түзетулерді еске салып, осы мәселе бойынша заң жобасын әзірлеушілерге сұрақтар қойды.
Түзетулер құқық қорғау органдарының қызметкерлері кенеттен қайтыс болған жағдайда, оның отбасыларын қорғау мақсатында енгізілгенін атап өтті ол. Мәселен, «Ақ жол» ҚДП-да 20 жылдық еңбек өтілі бар әскери қызметкерлердің отбасыларының шағымдары бар, оларға қызметкер қайтыс болып, жекешелендіруге құжаттарды дайындап үлгере алмағанына байланысты үйді жекешелендіруден бас тартқан.