11
Қазан

Жақып Асанов «Ақ жол» депутаттарын Бас прокуратура жұмысындағы терең реформалармен таныстырды

11 қазан 2017 жыл, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі

Жақып Асанов «Ақ жол» депутаттарын Бас прокуратура жұмысындағы терең реформалармен таныстырды.







 























«Ақ жол» партиясының басшылығы мен депутаттары Бас прокуратураның құқық қорғау қызметтер орталығының жұмысымен танысты. Орталықтың негізгі міндеті шағымдарды жедел түрде шешу, азаматтардың құқық қорғау және мемлекеттік органдарына сенім деңгейін арттыру, әкімшілік кедергілер мен бюрократияны жою болып табылады.



Оның форматы ХҚО-на ұқсас – орталық «бір терезе» қағидасы бойынша жұмыс істейді.

Келушілер мәселелерінің сипатына қарай прокурордың, адвокаттың, медиатордың, басқа да мамандардың қызметтерін пайдалана алады. Прокуратураның әкімшілігіне, мемлекеттік органдардың басшылығына бейне жазба жазып, жолдауға болатын жеке кабинка бар.

 

Бас прокуратураның өкілдері жылдың соңына дейін осындай орталықтар барлық облыс орталықтарында ашылатынын атап өтті.

«Ақжолдықтарға» іске асырылған жобалар және оның алғашқы нәтижелері туралы таныстырылым өткізілді, ағымдағы жұмыстары мен ведомствоның жоспарлары туралы айтылды.

Бас прокурор Жақып Асанов қылмыстық іс жүргізу, әкімшілік істер, кәсіпкерлік саласындағы ведомствоның озық ақпараттық жобалары туралы айтып берді.

Оның сөзінше, бұл жобалар  әртүрлі бұрмалауды азайтуға, қылмыстық және әкімшілік істерді кристалдануына, бюрократияны жоюға, сондай-ақ азаматтардың өмірін жеңілдетуге, уақыт пен ресурстарды үнемдеуге бағытталған.







 

 

«Бас прокуратураның жобалары – Ұлт жоспары мен Мемлекет басшысының экономиканы цифрландыру бойынша тапсырмаларын практикалық орындаудағы сәтті мысалы», - деп  есептейді Азат Перуашев. – Бұл құқық қорғау органдарының және қызмет көрсету жұмыстарын сандық ұйымдастырудағы жаңа сапалы тәсілі».