29
Тамыз

Ата Заң күні қарсаңында 'Ақ жол' партиясының кезекті фракциясы болып өтті

2017 жылдың 29 тамызы, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі
Жиын барысында партия атынан сайланған депутаттардың жазғы демалыс маусымындағы атқарған қызметтері, кездесулер мен қоғамдық қабылдаулары, республика азаматтардың арыз-талабы, ұсыныстары, сондай-ақ, жергілікті халықтың тұрмысы, аймақтардың дамуы жан-жақты сөз болып, халық қалаулылары жаңа сессия барысында көтеретін мəселелерді санамалап, партия басшысы, фракция төрағасы А. Перуашевқа есептерін берді.

Жиынға белгілі қоғам белсенділері, зиялы қауым өкілдері мен Орталық аппараттың қызметкерлері қатысып, депутаттар көтерген мəселелерге өз көзқарастарын білдірді.
Шара соңында партия басшысы Қазақстан Тарихшылар қауымдастығының 'Қазақ хандығына 550 жыл' естелік-медалін қоғамның рухани-мəдени дамуына қосқан үлестері үшін бірқатар азаматтарға тапсырып, Ата Заң күнімен құттықтап, жаңа маусымға сəттілік тіледі.