14
Маусым

«Ақ жол» депутаттары қалаларда велосипед жолдарын құруды және жол қозғалысы ережелеріне велосипедшілердің қауіпсіздігі бойынша нормаларды қосуды ұсынады

14 маусым 2017 жыл«Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі
«Ақ жол» депутаттары қалаларда велосипед жолдарын құруды және жол қозғалысы ережелеріне велосипедшілердің қауіпсіздігі бойынша нормаларды қосуды  ұсынады  – тиісті депутаттық сауалды бүгін Дания Еспаева жолдады.
«Соңғы уақытта велосипедті пайдалану танымалдылығына байланысты,  велосипедшілердің қатысуымен ЖКО-ы жиілеп кетті, 2014 жылдан бері велосипедшілерді 1207 рет қағып кетті,  - деп Премьер-Министрдің атына жолданған сауалда аталған. – Көп жағдайда, мұндай жол көлік апаттары инфрақұрылымның жоқтығынан және велосипедтік жол қозғалысын заңнамалық түрде реттеу жеткіліксіздігімен байланысты».
«Жол қозғалысы ережелері туралы» Заңының 43 бабына сәйкес мемлекеттік органдар мен жолдың иелері барлық көлік түрлері үшін, көшелер мен жолдарды. велосипед жолдарымен немесе жолақтарымен қамтуды қоса алғанда. қауіпсіз жол инфрақұрылымын камтамасыз етуге міндетті.
Осыған қарамастан, бүгінде велосипед жолдарының түгелдей жоқтығы немесе велосипедшілерді басып озу кезінде 1 немесе 1,5 метр аралығын сақтауды міндеттейтін қарапайым нормалардың болмауы байқалады.  
Депутат осы саладағы халықаралық тәжірибені келтірді -  көптеген дамыған елдерде велосипед көлік түрінің даму қарқыны автомобиль көлігінің даму қарқынынан басым. Мысалға, 
- Германияда велосипед жолдарының желісі құрылды, ол бірыңғай желіге байланысты жалпы ұзындығы 10.200 км, алыс жол жүру арналған 12 өңіраралық велосипед жолдарынынан тұрады;
- Нидерландыда тұтастай ел бойынша велосипед қатынасының үлесі 27%-ды құрайды;
- Данияның астанасы Копенгагенде халықтың 50%-ы, мэр мен үкіметтің мүшелерін қоса алғанда, жұмыс пен оқу орнына велосипедпен қатынайды.  
«Біздің елімізде велосипедтің танымалдылығы көз алдымызда өсіп келе жатыр. Біздің әкімдер мен министрлер де күн сайын жұмысқа сәнді көлікпен емес, велосипедпен қатынап жүретін кез келетініне үміттенеміз, - деп Еспаева атап өтті. – Үнемдеу, қарапайымдылық және сындарлылықтан басқа, велосипед салауатты өмір салтын тамаша насихаттаушысы болып табылады. Бұл мағынада аталмыш мәселе Елбасы Н.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту туралы бастамасына тікелей қатысты.
Бірақ бұл үшін қауіпсіз велотранспорттық инфрақұрылым және жол қозғалысы ережесінде тиісті нормалардың болуы қажет, онсыз велосипед спортының жаппай дамуы туралы айту мүмкін емес.    
2016 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Кедендік одақтың «Автомобиль жолдарының қауіпсіздігінің» техникалық регламенті күшіне енді. Құжатқа сай, жаңадан салынып жатырған жолдарда веложолдар мен велотұрақтардың құрылысы көзделген.
          Дегенмен, ҚазжолҒЗИ –дің түсіндіруі бойынша аталмыш регламент жалпы пайдалануға арналған
автомобиль жолдары үшін құрастырылған және қалаішілік жолдарға арналмаған.
Яғни, халқына жақын әкім немесе қарапайым велоәуесқой болсын, қалалар мен елді мекендерде велосипедшілер әрі қарай да қауіп-қатерге ұшырайтын болады.
Осыған орай, «Ақ жол» ҚДП фракциясы үкіметтен велосипедтік жолдарды құру және жол қозғалысы ережелеріне ведосипедшілердің қауіпсіздігі бойынша нормаларды қосу арқылы қалалық көлік жүйесіне велосипедтерді енгізу мәселесін қарастыруды сұрайды.