22
Маусым

Азат Перуашев: Бизнесте айқын нәрселерді дәлелдеу үшін талай жылдар кетеді, мәселен, жалған кәсіпкерлік бабын алып тастау үшін 10 жыл жұмсалды

22 маусым 2017 жыл«Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі


Бизнесте айқын нәрселерді дәлелдеу үшін талай жылдар кетеді, мәселен, Қылмыстық кодекстен жалған кәсіпкерлік бабын алып тастау үшін 10 жыл жұмсалды – деп Азат Перуашев кешегі өткен Мәжілістің отырысында хабарлады. Осы уақыт аралығында «Ақ жол» фракциясы Үкіметте бұл мәселені 30-дан астам рет көтерді. ҚК-тен 215-ші «Жалған кәсіпкерлік» бабын  алып тастау нормасы ү.ж. 7-ші маусымында Мәжілісте қабылданып, Сенатқа жолданғаны белгілі болды.       

Ол сондай-ақ, квазимемлекеттік секторының сатып алу тәртібін ретке келтіру бойынша мемлекттік органдармен көпжылдық даулары туралы айтып берді.

 «Белгілі болғандай, Үкіметтің 2016 жылға арналған бюджеттің орындалуы туралы Есебін қарау барысында, Парламент депутаттары  мемлекеттік холдингтар мен ұлттық компаниялардың сатып алу саласын қатты сынағанын– Перуашев еске салды, - Бұл мәселе 2008-2009 жылдардағы дағдарыстан кейін тұтыну нарығы айналымының күрт төмендеуі кезінде, корпоративтік нарық бизнестің негізгі табыс көзіне айналуына шақ қалған кезде қатты көңіл бөліне бастады».

«Ақ жол» көшбасшысы фракция бірнеше рет (2013 жылдың 6-шы қарашасы мен 18 желтоқсанында, 2014 жылдың 24-ші маусымында, 2015 жылдың 11-ші  ақпаны мен 11-ші қарашасында, 2016 жылдың 27-ші сәуірінде) Үкіметке квазимемлекеттік секторда сатып алу рәсімдерін реттейтін заң әзірлеуді ұсынғанын еске салды.  Және Үкіметтен үш рет теріс жауап алды.

«Бірақ, Үкіметтің кешегі отырысында, 4 жылғы талқылаудан кейін, ақыр соңында мемлекеттік холдингтер мен ұлттық компаниялардың сатып алуын реттейтін заң жобасы таныстырылды, ол күзде Үкіметке берілуі тиіс. «Ақ жол» фракциясына осы оқиғамен отандық бизнесті құттықтау ғана қалып тұр.

Егер, Қылмыстық кодекстен жалған кәсіпкерлік туралы бапты алып тастауды «Ақ жол» партиясы мен «Атамекен» палатасы 2007 жылдан бастап  талап етіп, және Үкімет оған тек  биыл ғана  келісіп, 10 жыл жұмсалса;  квазимемлекеттік секторының сатып алу саласындағы заң үшін күрес «бар болғаны» 4 жыл уақытты алды, - деп депутат атап өтті. – Бір жағынан, мұндай асықпаушылық сұрақтар қалдырады, ал екінші жағынан, біз  табандылық оң нәтижелер әкелетіне көз жеткізудеміз, одан бизнес те, қоғам да ұтады».