«Ақ жол» үкіметтің «Сандық Қазақстан» бағдарлама жобасын сынға алды
21 маусым 2017 жыл, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі
«Ақ жол» үкіметтің «Сандық Қазақстан» бағдарлама жобасын сынға алды – тұтыну нарығының мәселелері туралы фракцияның тиісті депутаттық сауалын бүгін Азат Перуашев жолдады.
Фракция жетекшісі Елбасының биылғы Жолдауда және Астана экономикалық форум барысында берілген экономиканы технологиялық жаңғырту және цифрландыруға кірісу тапсырмалары туралы еске салды.
«Бұл бастама тұтыну нарығын ынталандыруға тікелей байланысты - мысалы, онлайн-сауданы дамыту, мобильді банкинг, крипто-валютаны енгізу тұрғысынан және т.б. Ол сұраныс пен ұсыныс алгоритмі бар қолданыстағы тәсілдерді түбегейлі өзгертуге қабілетті, өндірісте іргелі өзгерістер мен өнімдердің жаңа түрлерінің пайда болуына әкеледі», - деп Перуашев атап өтті. Ол «Сандық Қазақстан-2020» мемлекеттік бағдарламасының кейбір индикаторларына сілтеме жасады, атап айтқанда:
- 2020 жылға дейін ғаламтор пайдаланушылар санын – 81%-ға ( 4%-ға) дейін өсіру;
- халықтың сандық сауаттылық деңгейін – 81,5%-ға ( 6%-ға) дейін арттыру;
- кең жолақты үй желі қатынасын ғаламторға енгізу деңгейін - 82%-ға ( 4%-ға) дейін арттыру;
- ЖІӨ-нің жалпы көлемінде ақпараттық - коммуникациялық технологиялар секторының тауарларды (қызметтер) өндіру және сату үлесін – 4,9%-ға (0,7%-ға) дейін өсіру;
- бөлшек сауданың жалпы көлемінде электрондық сауда үлесін 0,4%-ға ұлғайту және т.с.с.
«Әлбетте, 4-6 %-ға өсім Президент атап көрсеткен «Экономикалық өсу сипатын түбегейлі өзгерту» және «жаңа экономикалық модельге ауысу» міндеттер ауқымына сәйкес келмейтіні анық. Елбасы сандық технологияны пайдалана отырып, экономиканың жаңа салаларын құрудың, сондай-ақ елімізде 3Д-принтинг, онлайн-сауда, мобилді банкинг, сандық қызмет көрсету және басқалары секілді перспективті салаларын дамытудың жоғары жүйелі мақсаттарын белгілеп берді, - деп есептейді ҚДП.
Мәселен, Бағдарламаның жобасында экономикалық активтердің жаңа құрылымдарын сапалы қалыптастыру, өндірістің, сауда және қызметтің сандық ұйымдастыру тәсілдері, өндірістік және әкімшілік процестерді цифрландыруға енгізу үшін экономикалық ынталандыруды құру сияқты өзекті бағыттар жоқ.
«Ақ жолдықтардың» ойынша, дәл осы тәсілдер таяу жылдары тұтыну нарығында бәсекеге қабілетті жағдайды қалыптастыратын болады.
Отандық немесе шетелдік өндірушілердің пайдасына миллиардтар мен триллиондарды бөлу тура осыларға тәуелді.
Осыған орай, «Ақ жол» фракциясы Үкіметке экономиканы цифрландыру бағдарламасы барысында қазақстандық тауарлардың сапасын айтарлықтай жақсарту, шығындарды азайту, отандық бизнесті соңғы технологиялардың жаһандық желісіне енгізуді және жаңа индустрияны құру жөнінде қадамдар жасауды ұсынады.
«Ақ жол» ҚДП парламенттік фракциясы сайлауалды бағдарламаларын жүзеге асыру және қазақстандық тауарөндірушілердің мүдделерін қорғау жұмыстарын жалғастыруда.