24 сәуір 2017 жыл, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі.
'Ақ жол' партиясының төрағасы Азат Перуашев «Қазақтілді кәсіби журналистер қоғамдық бірлестігі» мүшелерімен кездесу өткізді. Аталған қоғамдық бірлестік мүшелігіне Қазақстан ҰТ, Астана телеарнасы және т.б. көптеген телеарна журналистері кіреді. Жиынның басты тақырыбы: Елбасының 'Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру' мақаласы .
Журналистер депутат Азат Перуашевқа партия жұмысына қатысты әр түрлі сұрақтар қойып, барлығына жауаптарын алды.
«Ақ жол» ҚДП парламенттік фракциясы сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру және өз сайлаушыларының мүдделерін қорғау бойынша жұмысын жалғастыруда.