20 сәуір 2017 жыл, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі
«Ақ жол» партиясы су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетуде. Осыған орай ҚДП басшылығы тек қаражат жинаумен ғана емес, сонымен бірге, жергілікті жерлердегі зардап шеккендерге көмек көрсету туралы шешім қабылдады. «Ақжолдықтар» осы демалыс күндері бірқатар су басқан елді мекендерді аралайды. Сондай-ақ бүгін «Ақ жол» фракциясы мүшелері - депутаттар өз табыстарының бір бөлігін табиғи апаттан зардап шеккендерге көмек ретінде аудару туралы шешім қабылдады.
Қазіргі уақытта азық-түлік, төсек-жабдық орындары, дәрі-дәрмектер, жеке гигиена құралдары, тұрмыстық химия сатып алынуда.
22 сәуір күні таңертен Атбасар тұрғындарына гуманитарлық көмекпен партия басшылығы мен активі ҚДП орталық кеңсесінен жүк көлігімен аттанады.
Су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету жұмыстары партияның өңірлердегі филиалдарымен де жүргізілуде.