05
Қантар

Мәжіліс депутаты Ерлан Барлыбаев Қапшағай балық өңдеу зауытының жұмысымен танысты

«Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі, 2017 жыл. 4 қаңтар

  Мәжіліс депутаты   Ерлан Барлыбаев Алматы облысындағы жұмыс сапары барысында  Қапшағай балық өңдеу зауытының жұмысымен танысты.

Зауыт  басшысы Бақытжан Мұсанов депутат Е.Барлыбаевты зауыт жұмысымен таныстырып, бұл зауыт 4 цехтан тұратынын және осында 150 адам жұмыс жасайтын айта кетті.

 

Одан әрі, депутат   Е.Барлыбаев зауыттың жұмысшыларымен кездесті. Кездесу барысында мекеме жұмысшылары өздерінің ой-пікірлерімен бөлісіп, толғандырып жүрген мәселелерін ортаға салып, көптеген сұрақтарына жауап алды.

Кездесу соңында депутат «Ақ жол» партиясының негізгі бағыттарының бірі – еліміздегі кәсіпкерлікті дамыту және қолдау екендігіне тоқталды.

«Ақ жол» ҚДП парламенттік фракциясы сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жұмысын жалғастыруда.