Санк-Петербургте Әлихан Бөкейханның ескерткіші ашылды
2016 жылдың 25 қарашасы, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі
Санк-Петербургте ТМД елдерінің Парламентаралық Ассамблеясының отырысы өтті. Осы отырыстың аясында «Таврия сарайында» Алаш жетекшісі Әлихан Бөкейханның бюстінің ашылу салтанаты болды. Оған Сенат төрағасы Қ.Тоқаев пен Мәжіліс спикері Н.Нығматуллин бастаған қазақстандық делегация қатысып, гүл шоқтарын қойды. Алаш арысының Ресейде, дәл осы сарайда, XX-шы ғасырдың басында жұмыс істегені белгілі.
- Әлихан атамыз Ресей Мемлекеттік Думасының депутаты ретінде қазақ халқының талай күрделі мәселелерін осы жерде көтерген,- дейді «Ақ жол» партиясының төрағасы А.Перуашев, - Сондықтан мен бұл ескерткіштің дәл осы тарихи ғимаратта орналасқанын кездейсоқ емес деп ойлаймын. Бұл оқиға бізді мақтаныш сезімге бөлейді.