Әлихан Бөкейханның 150 жылдық мерейтойы құрметіне биыл естелік монета шығатын болады – «Ақ жол» партиясының бастамасына Ұлттық банктен жауап келді
1 тамыз, 2016 жыл «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі
Әлихан Бөкейханның 150 жылдық мерейтойы құрметіне биыл естелік монета шығатын болады – «Ақ жол» партиясының бастамасына Ұлттық банктен жауап келді.
Биыл аса көрнекті мемлекет қайраткері, Алаш қозғалысының негізін қалаушы әрі жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы Әлихан Бөкейханның туғанына 150 жыл толып отыр.
Әлихан Бөкейхан тек қана қазақ халқының ХХ ғасырдың басында аз уақытқа болса да мемлекеттілік алуында ғана емес, сондай-ақ ҚСРО құрамындағы Қазақ автономиялы республикасының (кейінірек ҚазКСР) аумақтық шекараларын анықтауда және құқықтық бекітілуінде айрықша тарихи рөл атқарды. Сөйтіп, Ә.Бөкейхан 2016 жылы 25 жылдығы аталып өтетін ұлттық Тәуелсіз Қазақстанның және қазіргі заманауи Қазақстан Республикасының құрылуының жаршысы болды.
Осыған орай, «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы, Мәжіліс депутаты Азат Перуашев «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің» басшылығына Әлихан Бөкейханның мерейтойы құрметіне арнайы естелік монетасын шығару туралы бастамамен шығып еді.
Ұлттық Банктің, төрағаның орынбасары Д. Галиева қол қойған, ресми жауабында (№ 15-3-18/704 22.07.2016) хатта көтерілген бастама үшін алғыс айта отырып, «ҚР-сының Ұлттық Банкі ұлттық валютаның мыс-никель қорытпасынан және қымбат металдардан мерейтойлық және естелік монеталар жасау Тақырыптамасына сәйкес, аталған оқиғаға арналған естелік монетаны айналымға 2016 жылдың екінші жартысында шығаруды жоспарлады» деп хабарлады.
«Ақ жол» ҚДП 2015 жылдың қарашасында Әлихан Бөкейханның 150 жылдығының құрметіне арналған іс-шараларын жалпыұлттық деңгейде ұйымдастыру жөнінде ҚР үкіметіне депутаттық сауал жолдағанын және оны қолдаған жауап алынғанын еске саламыз. Содан кейін көп кешікпей ЮНЕСКО-ның Бас ассамблеясы Бөкейханның мерейтойлық іс-шараларына халықаралық мәртебе беру және оны ЮНЕСКО шеңберінде өткізу туралы қарар қабылдады.
Бұдан басқа, 2015 жылдың 23 желтоқсанында «Ақ жол» «Қазпошта» АҚ басшылығына Әлихан Бөкейханның 150 жылдығының құрметіне пошта маркасын шығару туралы ұсыныспен шыққан, ал ағымдағы жылдың 12 шілдесінде «Ақ жол» партиясында осы марканы айналымға шығарудың салтанатты рәсімі болып өтті.
«Ақ жол» демократиялық партиясы ұлт бостандығы жолында бастарын қатерге тіккен Әлихан Бөкейханның hәм онымен бірге Алаш қозғалысына атсалысқан асыл ерлердің рухын лайықты ұлықтау, Алаш қайраткерлерінің идеяларының Тәуелсіз Қазақстанның игілігіне қызмет етуі бағытындағы жұмыстарын жалғастыра береді.