Алматы облысының тұрғындары «Ақ жол» партиясына олардың жер телімдері бойынша құқықтарын қорғауға қатысқаны үшін алғыс білдіреді
«Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі, 2016 жылдың 27 шілдесі
Алматы облысының тұрғындары «Ақ жол» партиясына олардың жер телімдері бойынша құқықтарын қорғауға қатысқаны үшін алғыс білдіреді.
Еске сала кетейік, С. Жүсіпова және Д. Накупованың үндеухаты бойынша «Ақ жол» партиясының төрағасы Алматы облысының әкіміне және Бас прокуратураға тиісті хат жолдаған. Белгілі болғандай, Бас прокуратураның ҚДП-ның хатына берген жауабынан белгілі болғандай, жер учаскесін бөлуден бас тарту негізсіз болып табылады. Ағымдағы жылдың 21 шілдесінде Жүсіпова және Накуповаға жерге құқық белгілейтін құжаттар берілген.
Өздерінің алғыс білдірген хатында С. Жүсіпова және Д. Накупованың айтуынша, 3 жыл бойы әр түрлі сатыдағы қолдауға жүгінгендері еш нәтиже бермеді, тек 'Ақ жол' партиясының араласуынан кейін ғана олардың мәселесі оң шешілді.
'Мен қорғаншы, асырап алушы, көп балалы жалғыз басты анамын, көптеген сынақтар басымнан өтсе де, әлі көп үлгеремін. Жеке Өзіңізге және Қазақстанның патриоттар командасы - 'Ақ жол' партиясына менің мәселемді шешуге қатысқаны үшін тағы да ризашылығымды білдіремін,- дейді зейнеткер. С. Жусипова, өзінің Азат Перуашевтың атына жазған хатында.
'Ақ жол' ҚДП және оның парламенттік фракциясы қатардағы қазақстандықтардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша жұмысын жалғастыруда.