28 қаңтар 2014 жыл, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі
«Ақ жол» партиясының жеке меншікті қорғауды күшейту және рейдерлік басып алуға қарсы тұру жөніндегі ұсыныстары тиісті заң жобасында ескерілуі тиіс - бұл туралы Азат Перуашев орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде мәлімдеді.
«Президенттің «бизнесті дамытуға кедергі келтіретін барлық енжар құқықтық нормалардың күшін жою керек» деген сөзі «Ақ жол» партиясы үшін құр сөз ғана емес, іс-әрекеттерімізде басшылыққа алынады, - деп атап көрсетті «Ақ жолдың» көшбасшысы. – Сондай-ақ, Нұрсұлтан Әбішұлының «жекеменшік институтын заңнамалық тұрғыда нығайтатын кешенді шешімдер қажет...» деген сөздерінің де өзектілігі одан кем емес.
А.Перуашев жуырдағы фракцияның «Жеке меншік туралы» заң жобасында өз мүлкін қорғауда меншік иесінің құқықтарын күшейту жөніндегі ұсыныстары туралы еске салды: «Онда, Мәжілістің Өңірлік даму және экономикалық реформа жөніндегі комитетінің отырысында басқа фракциялардағы кейбір әріптестеріміз бізде бәрі керемет деп мәлімдей отырып, үзілді-кесілді қарсы шықты»
Бірақ, оның айтуынша «мұнда ешқандай да керемет жоқ, рейдерлік басып алу үйреншікті іс болып отыр, кәсіпкер бассыздықтан сақтандырылмаған, және бизнеспен айналысудың өзі қауіпті болып барады».
Ол Солтүстік Қазақстан облысында кәсіпорынмен болған жағдайды мысал ретінде келтірді: «Кеше ғана менің қабылдауымда «Лесокомплекс-2030» ЖШС-нің иесі А.Андреев болды, ол дағдарыстың қызған кезінде ең заманауи технологиялық құрал-жабдықтармен кәсіпорын құрған. Оның айтуынша «Қазкоммерцбанктің» жергілікті бөлімшелері әртүрлі сылтаулармен одан кәсіпорынды тартып алды және сатып жіберді: құрал-жабдықтардың бір бөлігін бір сатып алушыға, басқасын – тағы біреуге берген, нәтижесінде кәсіпорын бір тұтас кешен ретінде жұмыс істеуін тоқтатқан. Кәсіпкердің айтуынша несиелендіру кезінде пайыздық мөлшерлемелері бірнеше рет көтерілген, төлеу мерзімі бір жақты тәртіппен қысқартылған, және осылар кәсіпорынды тоқтап қалуға әкелген».
«Экономика кәсіпорыннан, адамдар – жұмыстан, ал кәсіпкер – бар дүние мүлкінен айырылды, - деп толықтырды ол. – Оның үстіне қарызды өтеуде жүзеге асыру құны есепке алынбады, жобаның бастамашысы бұрынғы бизнесті және ғимаратын қоса алғанда, барлығынан айырылып қана қалған жоқ, банкке тағы да қарыз болып қалды. Жергілікті соттар оны естімейді де, ол ешкімге керек емес, оның осындай жағдайда өз бизнесін қорғауға мүмкіндігінің жетіспейтіндігі анық».
Мұндай мысалдар аз емес. «Ақ жол» партиясының көшбасшысы: Бұл кімге пайдалы? Кімдер мұндай тәуекелдерге баратын болады?, - деген сұрақтар қояды. - Иә, осындай тәуекелдерге барғанша жұмыссыздық бойынша жәрдемақыны алып, тыныш қана үйден шықпай отырған дұрыс болар».
А.Перуашев осы тақырыпты қорытындылай келе, Президенттің осы жолдауынан кейін «Ақ жол» фракциясының меншік туралы заң жобасына ұсыныстары қайткенде де қолдау табады деген үмітін білдірді.