30
Қараша

Санат жоқ 30.11.2017

Бас прокуратура ұлттық экономиканы де-оффшоризациялау жөніндегі «Ақ жолдың» бастамасын қолдайды

30 қараша 2017 жыл, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі
Бас прокуратура ұлттық экономиканы де-оффшоризациялау жөніндегі «Ақ жолдың» бастамасын қолдайды – «Жұмақ құжаттары» деп аталған кезекті оффшорлық шулы жарияланымнан кейінгі Азат Перуашевтің Үкіметке, Бас прокуратураға, Ұлттық банкке жолдаған депутаттық сауалына жауап алынды.

 
««Ақ жол» фракциясы ұрланған миллиардтарды іздеп, бүкіл әлем бойынша алаяқтарды ұстауға күш-жігер жұмсағанша, капиталдың заңсыз шығарылуын болдырмау дұрысырақ екенін  тағы да мәлімдеді. Мұндай жұмыстың ең тиімді құралы-лауазымды тұлғалардың қоғам алдындағы ашықтығы мен есеп беруі болып табылады. Өздеріңіз білетіндей, мемлекеттік органдардың есеп беруін Мемлекет басшысы Ұлт жоспарында да белгіледі», - деп Перуашев атап өтті және мынандай шараларды қабылдау мүмкіндігін қайтадан қарастыруды ұсынды:
· Ұлттық компаниялар жетекшілерінің шетелдік кәсіпорындарға қатысуын және шетелдік банктік есеп шоттарына қатысты банктік құпияны алып тастауды;
· «Ұлттық экономиканы де-оффшоризациялау туралы» заң жобасын әзірлеу және Парламентке енгізу мәселесін қарастыруды.
Бүгін алынған Бас прокуратураның жауабында, қазіргі уақытта Қаржы министрлігі 2017-2019 жылдарға арналған ҚР-ның оффшорлық юрисдикцияларымен операцияларды қысқартудың кешенді жоспарын, сондай-ақ ҚР-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2010 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын әзірлеуде.
«Осыған орай, Сіздің фракция депутаттарыңыздың бастамасын қолдай отырып, біз бұл ұсыныстарды осы құжаттарға қосуға болады деп есептейміз», - деп Бас прокурор Жақып Асановтың қолы қойылған хатта айтылған.