«Ақ жол» партиясы делегациясының Қытай Компартиясы Орталық комитеті Халықаралық бөлімінің басшылығына ҚХР құқық қорғау органдарымен қамалған деп жорамалданып отырған этникалық қазақтардың тізімін тапсыруына қатысты ҚДП баспасөз қызметінің берген түсінігі
«Ақ жол» партиясы делегациясының Қытай Компартиясы Орталық комитеті Халықаралық бөлімінің басшылығына ҚХР құқық қорғау органдарымен қамалған деп жорамалданып отырған этникалық қазақтардың тізімін тапсыруына қатысты БАҚ өкілдерінің өтініштеріне орай, мынаны хабарлаймыз.
1. «Ақ жол» ҚДП Қазақстан Президенті Н.Назарбаев пен ҚХР басшылары орнықтырған біздің еліміз бен Қытай Халық республикасының достық қатынасын жоғары бағалайды және оны стратегиялық маңызды деп санайды.
Бұл ынтымақтастықтың тиімділігі және екі жаққа да пайдалылығы саяси, экономикалық, мәдени және басқа салаларда тұрақты түрде дәйектеле түсуде.
2. Сондай-ақ, біз «Ақ жол» ҚДП және Қытай Коммунистік партиясы арасындағы қатынас әріптестік және сенімге құрылып отыр деп санаймыз. Партияаралық ынтымақтастық аясында ұйымдастырылып жатқан партиялық делегациялардың тұрақты кездесулері және кәсіпкерлердің іскерлік байланыстары дамудың үлкен әлеуетін білдіреді және біздің қарым-қатынастарымызды «халықтық» дипломатия белгілерімен толықтырады.
Дәл осындай форматта «Ақ жол» ҚДП делегациясы ағымдағы жылдың 1 және 2 желтоқсанында Бейжінде әлемнің саяси партиялары және ҚКП көшбасшыларының Форумына қатысты.
3. Бейжінге ұшар алдында делегация мүшелері А. Перуашев пен Қ.Исамен оралмандардың бір тобы: Қ.Елемес, К.Оразұлы, Б.Бұхарбай келіп кездесті. Олар Қазақстан Республикасының оралман азаматтарының өздерінің туыстары - Қытай Халық Республикасы азаматтарының тағдыры үшін мазасызданып отырғанын жеткізді және олардың мәліметтері бойынша, ҚХР құқыққорғау органдарымен ұсталып отырған 112 адамның тізімін берді.
4. Осыған байланысты Бейжіндегі жоғарыда аталған Форумда А.Перуашев пен Қ.Иса министрдің орынбасары дәрежесіндегі ҚКП ОК Халықаралық бөлімі меңгерушісінің орынбасары Шэн Бэйли ханыммен кездесті.
Кездесу барысында А.Перуашев «Ақ жол» ҚДП біздің елдердің достық қатынастарын аса құрметтейтінін, бұл өтініштің мақсаты ҚХР-ның ішкі істеріне араласу болып табылмайтынын айрықша атап өтті.
ҚХР ұсталған азаматтарының тізімін тапсыра отырып, ол Шэн Бэйли ханымның назарын мынаған аударды: бұл жағдайды ретке келтіру тілегі тек қана ізгілікті түсініктерге сәйкес айтылып және Қазақстан азаматтарына олардың туыстарының тағдырын айқындауына көмектесуге ұмтылысынан туындап отыр.
5. «Ақ жол» ҚДП басшылығы Шэн Бэйли ханымның бұл өтінішке тілектестікпен және ілтипатпен қарағанын ерекше атап өтеді. Мұның өзі партиялар арасындағы қатынастың сенімділік сипатқа ие болғанын тағы да растайды, бұдан бұрын да талай мәрте, мысалы, мұнайгаз саласында қытай компанияларындағы қазақстандық мердігерлер және қызметкерлерді қолдау мәселелері бойынша ҚКП ОК халықаралық бөлімінің басшылығына «Ақ жол» партиясы шыққан кездерде де, т.б. жағдайларда да осылай болған.
Министрдің орынбасары ханым көрсетілген тізімді қабылдап алды және оны Шыңжан басшылығына қарау үшін тапсыратынын айтты, оның нәтижелері туралы «Ақ жол» ҚДП-сына жауап берілетіндігін атап көрсетті.
6. Бұған байланысты, «Ақ жол» ҚДП ШэнБэйли ханымға және Қытай Компартиясы ОК Халықаралық бөліміне мәселенің сезімталдығын түсіне білушілік танытқаны мен бұлжымайтын оңды қатынасы үшін ризашылығын білдіреді.
7. «Ақ жол» ҚДП сонымен қатар журналистерге және әлеуметтік желілерді қолданушыларға осы бастамаға қызығушылық және қолдау білдіргендері үшін алғыс айтады.