09
Қантар

Меруерт Қазбекова Көкшетаудағы Ш.Уәлиханов атындағы мемлекеттік университетте кездесу өткізді

«Ақ жол» ҚДП Ақмола облыстық баспасөз қызметі, 2018 жылдың 9 қаңтары
Қазақстан Республикасы Парламенті  Мәжілісінің депутаты Меруерт Қазбекова  Көкшетаудағы білім ордасы - Шоқан Уәлиханов атындағы мемлекеттік университетте кездесу өткізді.  Дөңгелек үстел негізінде өткен бұл жиынға зиялы қауым өкілдері де қатысып,  ой бөлісті.
       Меруерт Қазбекова алдымен аталған жоғары оқу орнының ректоры Әбдімүтәліп Әбжаппаровпен әңгімелесіп,  білім ордасының оқу процесінен ақпарат алды. Бүгінде бұл университет еліміздегі көшбасшы оқу орындарының бірі саналады.  
Халық қалаулысы басқосуда сөз алып,  заң шығару органының жұмысына жан-жақты тоқталды.  Партия фракциясының қызметі жайлы да әңгімелеп берді. Облыстық филиал төрағасының орынбасары Бақыт Смағұл рухани жаңғыру және ұлттық мүдде жөнінде пікір білдірді. Өз кезегінде ел ағалары Мейрамбек Қиықов,  Қасымхан Құсайынов,  Ғосман Төлғұл,  Тұрсынбек Мәліков,  Шияп Әлиевтер қоғамды толғандырған мәселелерді көтерді. Сөз алғандар жерлестерінің жоғары мінберден елдің бұйымтайын көтеруді өтініп сұрады. Өткен жылы Алашорда мемлекетінің құрылғанына жүз жыл толуына орай шығарылған естелік медалді университет оқытушысы Ақбота Бексейітоваға табыс етті.

 

Сонымен қатар, депутат облыстық партия филиалында, кәсіпкерлермен кездесу өткізді. Кездесу барысында жалған кәсіпкерліктің зарын тартып жүргендергендердің жайына аса  назар аударды. Бұл мәселе аса өзекті күйінде қалып отыр. Арнайы заң қабылданса да,  мәселенің шешімін табуы әсте оңайға түсер емес. Олардың ұсыныс тілектеріне де ден қойды.