12
Ақпан

Санат жоқ 12.02.2018

«Ақ жол» 9 мрлд теңге көлемінде залал келтірген лауазымды тұлғаға берген сөгіске наразылығын білдірді және мемлекеттік сатып алу жүйесіндегі бұзушылықтарды толыққанды тексеруді талап етті

12 ақпан 2018 жыл, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі

«Ақ жол» 9 мрлд теңге көлемінде залал келтірген лауазымды тұлғаға берген сөгіске наразылығын білдірді және мемлекеттік сатып алу жүйесіндегі бұзушылықтарды толыққанды тексеруді талап етеді – Азат Перуашев депутаттық сауалын ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевтың және Бас прокурор Қайрат Қожамжаровтың атына жолдады.

«Ақ жол» фракциясы 2017 жылдың 27-ші желтоқсанында  мемлекеттік сатып алу жүйесінде отандық өндірушілердің мүдделерін қорғап сауал жолдағанын еске сала кетейік. Сауалда Алматы қаласының Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқарма бастығының м.а Ж.Саматовтың хатынан мысал келтірген болатын. Онда отандық өндірушілерді ығыстырып және қажетті тасымалдаушыны  «итермелеу» мақсатында бөтен өнімдерді қайта экспорттайды деп қазақстандық зауыттың біреуін шімірпекстен және негізсіз айыптап, шетелдік фирманы «ең көне», «ең сенімді» тасымалдаушы ретінде жарнамалады. Және оған 9 миллиард 335 миллион теңгенің тендерін берді. Оның айтуынша, біздің елімізде осындай өнімдерді өндіретін тәжірибелі және сенімді өндірушілер жоқ.

Алайда, «NADLOG», агенттігінің түсініктемесінде, «Хабар» және «Атамекен» телеарналарының репортаждарында шенеуніктердің мәлімдемесіне қарамастан біздің бірқатар кәсіпорындарымызда ондай өнімдер өндірісі жөнге салынғаны туралы көрсетілді. 

 Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Азат Перуашев «Хабар» және «Атамекен» тілшілеріне, ҰКП және «NADLOG» агенттігіне азаматтық ұстанымы үшін алғысын білдірді.

«Бізге хабарласқан зауыт, жақында Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінен жауап алды. Онда – дәйексөз келтіремін – «Басқарманың жауапты тұлғалары хатқа жауап дайындау барысында «кері экспорттау» термині дұрыс қолданылмағаны анықталды». Осыған байланысты, Департамент Басқарманың атына  бұзушылықтарды жою және кінәлілерге тәртіптік жауапкершілікті енгізуді ұсынды (қайталап айтамын - тәртіптік, яғни сөгіс) », - деп атап өтті Перуашев.

Депутат шенеунік сылтау тауып, қазақстандық кәсіпорынды келісім-шарттан айырып, тапсырысты шетел компаниясына беріп, отандастарымызды жұмыссыз қалдырғанын атап өтті. Ал тексеруші органдар бұл жай ғана ескертпе, «дұрыс емес мәлімдеме» деп сендіреді.

«Міне керек болса, құны 9 миллиард тұратын ескертпе. Сонымен бірге, агенттік басқа артық пиғылды көрмеді. Шенеунікті қолынан алып, оның ресми құжаты – алдау деп мәлімдейді. Мемлекеттік қызмет департаменті 9 миллиард теңге көлемінде залалы үшін не ұсынады? Осы алдауды бастаған бастықтың міндетін атқарушының атына, бар болғаны сөгісжариялау», -  деп атап өтті «Ақ жолдықтар».

«Мынандай «үрдіспен» мемлекеттік миллиардтарды елден шығаруға ниеттілер саны көбейеді, содан кейін мемлекеттік қызметтен кетіп, жылы аралдарға кетіп қалуына ешкім кедергі келтірмейді», - деп есептейді Перуашев.

Сонымен бірге, департаменттің пікірініше, бұл алдау отандық өндірушінің беделіне қатысты деп есептейді және беделін қорғау үшін ол сотқа жүгіне алады деп хабарлады. Ал ұлттық экономикаға құйылудың орнына шетел елдік есеп шоттарға кеткен бюджеттің қыруар қаражаты туралы ешқандай сөз қозғалмады, тіпті, олар жоқ сияқты.

Және де жоғарыда аталған сауалды Үкімет пен Бас прокуратура сол Мемлекеттік істері жөніндегі агенттігіне қарауына жолдағандықтан, «ақжолдықтардықта» оларға да біздің мемлекеттік қызметкерлер шет елге жіберген миллиардтардтар үшін тәртіптік жауапкершілік қолданылатыны туралы жауап келеді деп ойлауына негіз бар. 

Осыған орай, «Ақ жол» ҚДП фракциясы ұқсас жауапқа келіспейтінін алдын-ала хабарлайды, толыққанды тексеруді және осындай алдау жолымен елден шығарылған ақшаны қайтаруды талап ететін болады.

«Ақыр аяғында, бұл іс тек Ж.Саматов мырзаға қатысты емес. Мемлекеттік қызметкерлер, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қаражаттары сияқты шетел ел мүдделеріне емес, өз еліне жұмыс жасауы тиіс», - деп мәлімдеді «Ақ жол» жетекшісі.