18
Сәуір

Азат Перуашев тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарының басшыларымен кездесті

«Ақ жол» баспасөз қызметі, 2016 жылдың 18 сәуірі
       Азат Перуашев тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарының басшыларымен кездесті. Өткен сенбі күні Алматы қаласында болған іс-шараға Мәжіліс депутаты Е. Барлыбаев, Қазақстан Ұлттық Индустриалды палатасының вице-президенті Б. Өтепбаев, Қазақстан Республикасының тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібін дамытудың  тауар өндірушілер Одағының президенті А. Попелюшко, «Алматы ашытқы зауыты» АҚ-ның директорлар Кеңесінің төрағасы Ю. Егуткин, Өскемен май зауытының жетекшісі А. Куркаев, Қазақстанның шарап өндірушілер Одағының төрағасы Р. Мнацаканян, Алматы қаласының 'Ақ жол' ҚДП филиалының төрағасы Д. Васильев қатысты.
Кәсіпорындарының өкілдері зауыттардағы жағдайлар туралы, азық-түлік өндірісінің және азық-түлік өнімдерінің дамуына және қазақстандық сапалы азық-түліктің пайда болуына  кедергі болатын проблемалар туралы айтып берді.  
Кездесуге қатысушылар бірыңғай нарықтағы  отандық өндірушілердің мүдделерін қорғау мәселелерін талқылады.