28
Ақпан

«Ақ жолдың» Республикалық сайлауалды штабы «Мен қазақстандық тауарды таңдаймын!» атты акция өткізді

2016 жыл 28 ақпан «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі
«Ақ жолдың»Республикалық сайлауалды штабы «Мен қазақстандық тауарды таңдаймын!» атты акция өткізді. Президент Н.Назарбаевтың 'Отандық тауарды сатып ал!» атты бастамасын қолдау мақсатында тек қана отандық азық-түлік тауарларын сатуға арналған «Цитрум» дүкенінде үлкен шара өтті. Оған партия жетекшісі Азат Перуашев, Мәжіліс Депутаттығына үміткерлер Серікбай Тәшенев, Асқар Смағұлов, Дмитри Васильев, Қайырбек Кемеңгер, Мақсат Раманқұлов, Руслан Арынғазин, Берік Дүйсембинов, Әсет Атабаев және партия белсенділері қатысты.



«Біз өз еліміздің патриоттары болғандықтан Қазақстандық тауарларды сатып ала отырып, отандық өндірушілерді қолдауымыз керек, - деп атап өтті Перуашев. - Президент бизнесті қолдау жөнінде үнемі айта отырып, былай дейді: Индустриализация -  индустриализация үшін емес, бәсекеге қабілетті өнім өндіру, Қазақстандық өнімді көтеру үшін. «Made in Kazakhstan» - Қазақстанда жасалған!»

«Ақ жол» отандық өндірушіні қолдауда әлемдік тәжірибеге сүйену керек деп есептейді. Мысалға, Кореяда 60 жылдары жергілікті тауарлар жапон өнімдерінен төмен деп есептелетін. Алайда, экономикалық ұлтшылдық пен белсенді насихатқа байланысты мемлекеттік саясаттың арқасында мемлекеттік сатып алу жүйесі де жергілікті халыққа отандық өндірістің тауарларын сатып алуға қайта бағытталды.  Бұл жұмыс технология мен құрал жабдықтарға деген жоғары талаптың қабылдануымен бірге, жергілікті тауарлардың сапасын көтеруге арналды.

«Біздіңше, бұл тәжірибе біздің жағдайымызда өте жақсы келіп тұр. Азаматтарды отандық тауарларды сатып алуға сендірумен қатар, мемлекеттік органдарды да, кәсіпорындарды да, сондай-ақ, отандық бизнесті жоғары сапалы өнімдер өндіруге ынталандыру қажет, - деді Перуашев. - Сондықтан да біз, қазақстандық тауарларды өткізудің маңызды элементі ретінде осындай сауда жүйелеріне көмектесеміз және де осындай жүйелерді Қазақстандық өндірушілердің өнімдерімен толтыруға қолдау білдіретін боламыз.»


Фотогалерея