«Ақ жол» «Самұрық-Қазына» Қорының тұрғын үйді жалға алушыларын қолдайды
2016 жыл 19 ақпан, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі
«Ақ жол» «Самұрық-Қазына» Қорының тұрғын үйді жалға алушыларын қолдайды – бұл туралы перуашевтың қолы қойылған хат Ұлттық Экономика Министрлігіне жіберілді.
Бұдан бұрын «Ақ жол» ҚДП –ның атына «Самұрық-Қазына» АҚ жылжымайтын мүлік Қоры» заңды тұлғалар тізімінде, өңірлерді дамыту салалық бағдарламасы шеңберінде жеке тұлғаға ұзақ мерзімді жалға берілетін тұрғын үй-шарттары бойынша жеке тұлғалардың салық мөлшерлемес есептелген келісімшартқа отырған «Асыл арман» ТК жалға алушыларынан арыз келіп түскен болатын.
Хатта, «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» АҚ Ипоеткалық ұйымы сол кезде Үкіметтің бекітілген қаулысымен өңірлерді дамыту 2020 бағдарламасына сәйкес қолжетімді тұрғын үй құрлысына бағытталған тізмге кіреді деген.
1) Жергілікті атқарушы органдарда тұрғын үй алу үшін кезекте тұрған тізімі;
2) ҚТҚЖБ желісі бойынша тұрғын үй: Халықтың барлық санаттары үшін тұрғын үй, жас отбасылар үшін;
3) «ҚИК» ИҰ» АҚ тұрғын үйлері;
4) «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік Қоры» АҚ тұрғын үйлері;
5) Апатты жағдайдағы тұрғын үйді бұзу жөніндегі пилоттық жобалар шеңберіндегі тұрғын үйлер;
6) Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салу
Аталған Қаулы «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік Қоры» АҚ на Қолжетімді баспана тұрғын үй құрылысы 2020 өңірлерді дамыту бағдарламасына бағытталған болатын.
Осыған байланысты «Ақ жол» ҰЭМ басшылығына төмендегі сұрақтар бойынша жауап алуды көздейді:
- Не үшін ҚР «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің 938 бабының нормалары «ҚИК» ИҰ» АҚ -ның тұрғын үйді жалға алушыларына қолданылады, ал «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік Қоры» АҚ тұрғын үйлерді жалға алушыларына қолданылмайды?
- Қандай өлшемдермен «ҚИК» ИҰ» АҚ Бұйрық тізіміне енеді, ал «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік Қоры» АҚ аталған тізімге не үшін енбейді?
«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік Қоры» АҚ-нан тұрғын үйді жалға алушыларды халықтың әлсіз әлеуметтік жігіне жататынын ескере отырып, «Ақ жол» партиясы тиісті тәртіпке салық ставкасы төмендеген өзгерістерді Досаев басқарып отырған министрлікке Қорды қолданыстағы Бұйрықты қамтитын компаниялардың тізімін қосуды қажет деп санайды
«Ақ жол» партиясы халықтың мүддесі мен қазақстандықтардың заңдық құқығын қорғау жұмыстарын жалғастыра береді.