2016 жыл 18 ақпан, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі
«Ақ жол» партиясы жалған кәсіпорындардың салығын адал кәсіпкерлерден өндіріп алуға болмайды деп есептейді – Азат Перуашевтың қолы қойылған хат ҚР Қаржы Министрлігі мемлекеттік кірістер Комитетіне жіберілді.
Хатта жергiлiктi жерлердегі мемлекеттiк кiрiстер органдарына ықпал жасайтын сот органдарындағы қалыптасып жатқан алаңдатарлық практикаға байланыста Сізге жүгінуге мәжбүрміз – делінген. ҚР Жоғарғы Сотының 2013 жылғы 27 ақпандағы «Салық заңнамасын қолданудың сот практикасы туралы» №1 нормативтік қаулысында Салық органы заңды тұлғаны құру кезiнде заңдардың түзетуге келмейтiн сипатта бұзылуына жол берiлуiне байланысты оны тiркеуді жарамсыз деп тану негіздемесі бойынша заңды тұлғаны тарату туралы соттарға талап арыздармен жүгінуге құқылы. Заңды тұлғаны оны құруға қатысы жоқ адамға тіркеу (қайта тіркеу) фактісі АІЖК-нің 55-бабындағы тәртіппен прокурордың талап арызы бойынша осы тіркеудің (қайта тіркеудің) күшін жоюға негіз болып табылады, деп жазылған.»
Бұл заңсыз қызметті іске асыру үшін заңды тұлғаны қайта тіркеу фактісі, қызметті жүзеге асыру кезінде жіберілген құқық бұзушылық болып табылады. Яғни, оны құру барысында құқық бұзушылықтан бөліп тастау. Уақыт өте келе бұл екі жағдай әр түрлі кезеңдерде пайда болуы мүмкін.
Бірақ қазіргі уақытта кейбір сот істері бойынша заңды тұлғаның қызмет көрсету кезеңінде оны қайта тіркегеннен кейін мемлекеттік кірістер органы заңды тұлғаның алғашқы тіркеуін алып тастауды талап етеді.
«Павлодар Пласт Комплект» ЖШС-ында орын алған жағдайын мысалға ала отырып, сот және тергеу органдары 2012 жылы 16 желтоқсанда жаңа иелеріне қайта тіркеуден өткен ЖШС қылмыстық іспен айналысқан. Алайда, 2015 жылы 23 шілдеде Павлодар облыстық мамандандырылған ауданаралық соты Павлодар қалалық прокурорының талабы бойынша «Павлодар Пласт Комплект» ЖШС – інің 2007 жылғы 21 қыркүйегіндегі бірінші тіркеуі мен 2012 жылғы 16 желтоқсанындағы қайта тіркеуін алып тастағандығы туралы шешім шыққан.
«Павлодар Пласт Комплект» ЖШС-ын алғашқы тіркеуден алып тастау нәтижесінде компанияның адал мердігерлік заңды мүддесі 2012 жылға дейінгі мәселесіне байланысты бұзылған. Сонда оның жаңа иелеріне дейін қылмыстық іс болған. 2016 жылы 11 ақпанда павлодар қалалық прокуроры 2015 жылғы 23 шілдедегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімін қайта қарау туралы арыз берген.
Осыған байланысты, «Ақ жол» партиясы жоғарыда айтылған нақты іс бойынша Павлодар қалалық МКБ позициясын қайта қарауды сұрайды.
Сонымен бірге, хатта жергілікті өндірушілердің жұмысын дамыту және адал салық төлеушілердің заңды мүдделерін сақтау мақсатында, тиісті құқытарының сақаталуы туралы айтылады.
Естеріңізге салсақ, «Ақ жол» ҚДП 12 ақпандағы кезекті қоғамдық қабылдауында кәсіпкерлердің мәселесімен танысқанда, «Павлодар Пласт Комплект» ЖШС аталған сұрақ бойынша партияға өз мәселесін айтқан болатын.