«Ақ жол» Партиясы араласқан соң БанкЦентрКредит өте қиын жағдайда қалған Гринбергтер отбасының қарызын төлеу шарттарын қайта қарады
11 қаңтар 2016 жыл, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі
«Ақ жол» Партиясы араласқан соң БанкЦентрКредит өте қиын жағдайда қалған Гринбергтер отбасының қарызын төлеу шарттарын қайта қарады.
Естеріңізге сала кетейік, Азат Перуашевтың атына Татяна Гринбергтен қарызды төлеу шарттарын жеңілдетуге ықпал етуды сұраған үндеу келіп түскен болатын. 2011 жылы доллармен несие алған Гринберг оның барлық несие ақшасын алып қашып кеткен алаяқтың құрбаны болған. 2012 жылы отбасында өте ауыр науқас бала дүниеге келді. Осындай қиын жағдайға байланысты отбасы бір жарым жылға дейін несиелерін төлей алмады. Бұл кезде өсімақы 28 мың АҚШ долларына жеткен екен.
Арыз берушінің айтуынша, ол түрлі деңгейдегі құрылымдардың есігін қағып, көмек сұраған. Бірақ барлық жерде оған көмек көрсетуден бас тартылған.
Аталған арыз бойынша ҚР Ұлттық Банкіне Партия төрағасының қолы қойылған хат жолданған еді.
Желтоқсан айының соңында Ұлттық Банктің Төрағасының орынбасары Д.Галиеваның қолы қойылған жауап келді. Онда, несие алушының өтініші қарыз вальютаны конвертациялау, жылдық өтемақы ставкасын 18 %-дан 3 %-ға дейін төмендету, жиналып қалған өсімақыны есептен шығару, төлеу кестесін ыңғайлы жасау жолымен қанағаттандырылды. Нәтижесінде, ай сайынғы төлемақы 1351 АҚШ долларынан 91500 теңгеге дейін төмендеді.
Сонымен қатар, хатта «қарыз алушының әлеуметтік және қаржылық жағдайын ескере отырып, сондай-ақ, қазіргі жағдайға орай және арыз берушіге қолдау көрсету мақсатында Ұлттық Банк оның қарызын реструкуризация жасау, оған жылдық қарызды төлеу ставкасын 3% дан 1% ға дейін түсіруге Банкке ұсыныс жасады.»
Телефонмен хабарласқан Гринбергтер отбасы аталған көмек үшін және жоғары әлеуметтік жауапкершіліктері үшін «Ақ жол» Партиясы мен Банкке шексіз алғыстарын айтты.
«Ақ жол» ҚДП және оның Парламенттік Фракциясы өзінің сайлауалды тұғырнамасы мен Қазақстандықтардың мүддесін қорғау жұмыстарын жалғастыра береді.