Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанның денсаулық саласы статистикасын халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізеді - «Ақ жол» партиясының депутаттық сауалына жауабы
2015 жыл 22 желтоқсан, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі
Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанның денсаулық саласы статистикасын халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізеді – «Ақ жол» Үкіметке жолдаған депутаттық сауалынан осындай жауап алды.
Естеріңізде болса, 11 қарашада «Ақ жол» мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асырудағы тиімсіздіктер және оларды іске асыратын мемлекеттік органдардың жауапкершілігін арттыру туралы мәселе көтерген болатын. Азат Перуашев депутаттық сауалында Денсаулық сақтау министрлігінің халықтың денсаулығы мен өлім-жітім мөлшерінің төмендеуі туралы деректері сенімсіз деп мәлімдеген.
«Министрлік соңғы бірнеше жылда өзінің табысты жұмыс істеп келе жатқанын мәлдімдеп келеді. Халықтың денсаулығы мен өлім-жітім мөлшерінің төмендеуін дәлелді статистикалық мәліметтермен көрсетуде, бірақ сонымен бірге бюджет шығындары да арта түскен.
Сонымен қатар, министрліктің деректерін басқа да дереккөздерімен салыстырғанда үлкен алшақтық байқалады», - деп Перуашев сол кезде. «Bloomberg» агенттігінің деректерімен салысытар отырып атап айтқан болатын. БМҰ ның бағалауында Қазақстан денсаулық сақтау көрсеткіш бойынша ТМД да соңғы орында, зерттелген 145 елдің ішінде 111 орында тұр. Бұл Қазақстандықтардың 100 де 18 пайызының ғана денсаулығы бағаланған деген сөз.
Мысалға, 2013 жылғы Денсаулық Сақтау Министрлігінің ресми статистикасы бойынша анкологиялық аурумен көз жұмғандар 100 мың адамға шаққанда 91,8 болса, сол уақтта Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымының деректерінде 141,9 деп көрсетілген (54% төмендеткен). Денсаулық сақатуа министрлігі халықтың орташа өмір сүруі – 70,4 деп көрсеткен, ДДҰ – 68,9. Айырмашылығы 1,5 жыл.
«Денсаулық сақтау саласындағы деректердегі көзбояушылық нақты ақпаратты бұрмалауға, сондай-ақ, тиісті органдардың өмір сүру сапасын жақсартуға қажетті шараларды қабылдауына кедергі келтіреді, - делінген сауалда. – осыған байланысты, «ақ жол» депутаттары обьективті және тиісті ақпарат алу үшін ҚР денсаулық сақтау жүйесіне халықаралық әдіснаманы сақтау туралы шешім қабылдауды сұраған»
«Қазақстан мен халықаралық стандарттардағы ресми статистиканы есептеу әдісіндегі айырмашылықты, халықтың денсаулығы мен көрсеткіштері бойынша халықаралық сарапшылар жанама әдістерін немесе болжау туралы мәліметті пайдалануға әсер ететін факторларды назарға ала отырып, тиімділігін бағалауға болады - Кәрім Мәсімов қол қойған жауап хатта оыслай мәлімдеді. – Денсаулық сақтау министрлігі ДДҰ, ЭЫДҰ, ХМС статистика комитетімен бірлесіп халықаралық стандарттарға сәйкес, Қазақстанның денсаулық статистиканы жасау үшін жұмыс істейтін болады».